Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15734589
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4086 15540 4086 15471449 388952 367126 15734589 Сіздің IP: 3.147.82.108
Уақыт: 2024-12-23 05:27:34
|
«Көктемгі вернисаж - 2015»
13 мамыр күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Көктемгі вернисаж - 2015» атты бастаушы шеберлер арасында шаштаразшылар өнерінің қалалық конкурсы өтті. Конкурсты ұйымдастырған Оқушылар сарайының «Стиль» жас шаштаразшылар үйірмесі және «Престиж» стилистер мектебі. Конкурстың мақсаты жастарды шаштар үлгісін жасау өнеріне баулу, кәсіби дағдыларын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Конкурсқа 28 жас шебер қатысты: Павлодар политехникалық және қызмет көрсету саласы бойынша колледждерінің студенттері, облыстық Оқушылар сарайы «Стиль» шаштараз өнерінің үйірмесі мен «Престиж» стилисттер мектебінің оқушылары. Жарыс барысында қазылар алқасы мүшелерінің назарына үш номинациясы бойынша 33 үлгі ұсынған болатын: «Ең үздік әйелдердің сәндеп жасалған шашы», «Ең үздік шаш қию үлгісі» және «Ең үздік авангардтық шаш үлгісі». «Ең үздік авангардтық шаш үлгісі» номинациясында ең көп үлгі ұсынылды (15 үлгі), «Ең үздік әйелдер шаш үлгісі» номинациясында – 6 үлгі, «Ең үздік шаш қию үлгісі» номинациясында- 12 үлгі болды. Шебердің әрбір күрделі шаш үлгісін алдын ала ойластырып, эскизінің суретін салып, төрт ай бойы оның орындалуын тәжірибе түрінде көрсетті. Қазылар алқасына «Только ты» сұлулық салонының әмбебап-шебері Вохминцева Анжелика Геннадьевна, «Джоли» салонының әйелдер шебері және визажисті Ремнева Дарья және «Чародейка» сұлулық салонының әмбебап-шебері Кока Ирина Петровна енді. Олар болашақ шеберлердің шығармашылық ойларын, шаш үлгілерін ұқыпты орындалуын, таңдалған бейнелерге модельдің сәйкестігін бағалайды. Конкурс қорытындысы бойынша гран-при және I орынды «Ең үздік әйелдер шаш үлгісі» номинациясында Оқушылар сарайының «Стиль» шаштараз өнер үйірмесінің оқушылары Ильченко Елена және Матвеенко Александра иеленді, жетекшісі Леденёва Евгения Владимировна. «Ең үздік әйелдер шаш үлгісі» номинациясында II орынды политехникалық колледжінің студенті Рахимжанова Дамира ие болды, жетекшісі Саранчина Лариса Юрьевна. III орында – Оқушылар сарайының «Престиж» стилистер мектебінің оқушысы Копанева Настя, жетекшісі Фирсова Татьяна Сергеевна. «Ең үздік шаш қию үлгісі» номинациясында I орынды қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Павлова Ирина иеленді. Iiорында-политехникалық колледжінің студенті Полстянова Яна, жетекшісі Саранчина Лариса Юрьевна. III орында-Оқушылар сарайының «Стиль» шаштараз өнері үйірмесінің оқушысы Ходько Ангелина, жетекшісі Леденёва Евгения Владимировна. «Ең үздік авангардтық шаш үлгісі» номинациясында I орынды Оқушылар сарайының «Стиль» шаштараз өнері үйірмесінің оқушысы Пересветова Аня иеленді, жетекшісі Леденёва Евгения Владимировна. II орында–политехникалық колледжінің студенті Қуандық Гүльнара, жетекшісі- Саранчина Лариса Юрьевна. III орында–Оқушылар сарайының «Арт-студия» оқушысы Апсаликова Зарина, жетекшісі Булич Анжелика Витальевна. Шаштараз өнерінің қалалық конкурсына қатысу–олардың болашақ стильші-шаштараз мамандығын менгеруде бастаушы шеберлер үшін бірінші баспалдағы болып саналады. |