Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15735174
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4671
15540
4671
15471449
389537
367126
15735174

Сіздің IP: 3.23.102.79
Уақыт: 2024-12-23 06:07:41

«Сәндік толқын - 2015»

«Модная волна - 2015» «Модная волна - 2015»

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар  сарайында эстетика бөлімінің ынтасымен «Сәндік толқын - 2015» атты жас сәнгерлердің облыстық конкурсы өтті.

Бұл сұлулық пен сән мерекесінің басты мақсаты шығармашылық қарым-қатынас үшін жағдай жасау, іс-тәжірибе алмасу, жастардың көркемдік-эстетикалық талғамдарын дамыту, сонымен қатар әлеуметтік бейімделуге жәрдем беру, дарынды балаларға кәсіби бейімдеу және шығармашылық жұмыспен айналысатын талантты педагогтарды анықтау, оларды қолдау және марапаттау, педагогикалық тәжірибені тарату.

Бұл жолы конкурстың қатысушылары облыстың жалпы орта білім беру мектептерінен, гимназия және қосымша білім беру ұйымдарынан 7-11 сынып арасынан 30 оқушысы қатысты.

«Модная волна - 2015» «Модная волна - 2015»

Павлодар қаласы, Ертіс және Ақтоғай аудандары сайыстың белсенділері болып танылды.

Конкурс дәстүрлі түрде екі кезеңнен өтті: бейнетұсаукесер және сайыстың қорытындысы кезеңінде сахнада сәнгерлерді көрсету.

Бұл ерекше конкурстың қазылар алқасы Алинова Гүлнар Советқызы – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының теория және кәсіби оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы; Мирзоян Елена Леонидовна - Оқушылар сарайы «Декор» студиясының жетекшісі; Байтанаева Майра Амангазиевна - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының теория және кәсіби оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы болды.

Жас сәнгерлердің қауымға көрсетер үлгілері көп болды: 30 шақты әртүрлі киім үлгілерін Сарайымыздың сахнасында көрсетіп шықты. Қорытындысында 1-ші орынды Ақтоғай ауылының балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы, жетекшісі Гирич Римма Карловна, сонымен қатар «Креатив» дизайн-студиясы, жетекшісі Сыздыкова Лаура Арыстанбекқызы, және «Силуэт» тігін үйірмесі, жетекшісі Григораш Наталья Георгиевна – осы екі үйірме де облыстық Оқушылар сарайында орналасқан..

2-ші орында Ертіс №1 ЖОББМ иеленді, жетекшісі Вайц Ольга Адамовна. Ал 3-ші орында Ертіс ауданы Абай ЖОББМ, жетекшісі Какимова Марал Толешевна.

Түсініктемелер қосу