Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16389342
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3609 15688 41318 16078164 70020 460667 16389342 Сіздің IP: 18.222.13.30
Уақыт: 2025-02-06 04:10:53
|
«Көктемгі вернисаж - 2014»
2014 жылғы 13 мамырда М. М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында жас шаштараз-шеберлерінің арасында «Көктемгі вернисаж -2014» шашатараз өнерінің қалалық конкурсы өткізілді. Конкурстың ұйымдастырушылары «Престиж» стильшілер мектебі және «Стиль» шаштараз үйірмесі. Конкурсқа 32 шебер қатысты - бұл политехникалық колледждің студенттері, облыстық Оқушылар сарайының «Престиж» стильшілер мектебі мен «Стиль» шаштараз үйірмесінің, № 1 кәсіби колледждің оқушылары. Биыл «Көктемгі вернисаж» конкурсы жетінші рет өткізіліп отыр. Конкурста үш атау бойынша 41 шаш үлгісі көрсетілді: «Әйелдердің үздік шаш үлгісі», «Үздік шаш үлгісі» және «Үздік авангардты шаш үлгісі». «Үздік авангардты шаш үлгісі» атауы бойынша ең көп шаш үлгілері көрсетілді -18 үлгі, «Әйелдердің үздік шаш үлгісі» атауы бойынша- 17 үлгі, ал «Үздік шаш үлгісі»- 6 үлгі. Әр шаш үлгісін шеберлер алдын ала ойластырып, болашақ үлгінің эскизін дайындап, оның тәжірибеде орындалуына 4 ай бойы машықталып әзірленді. Биыл орындалған барлық жұмыстар қызықты идея, сапалы орындалуы мен креативті безендірілуімен ерекшеленеді, мысалы, «Үздік авангардты шаш үлгісі» атауында шеберлер «Бүркіт» сияқты ұлттық белгілерді де ұмытқан жоқ. «Пирамидка» атты жұмыс жарқын әрі өзгешелігімен ерекшеленді, әртүрлі өрулері көзге түскен шаш үлгілері атап өтілді. Биылғы конкурсқа әйелдердің шаш үлгілерімен қатар ерлердің шаш үлгілері де көрсетілді. Әр қойылған шақ үлгісі соған сай бояумен толықтырылды. Құрамында келесі адамдар болған қазалар алқасы: Лагоцкая Марина Викторовна, Яцушко Светлана Алексеевна- «Только ты» салонының директоры, шаштараз- стилист, тату шебері-Вохминцева Анжела Геннадьевна – «Только ты» салонының шебері. Оларға шеберлер жұмысының «таза» орындауы, шығармашылық идеясы мен таңдалған бейнеге сәйкестігін бағалау қажет болды. |