Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15734719
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4216
15540
4216
15471449
389082
367126
15734719

Сіздің IP: 18.191.171.10
Уақыт: 2024-12-23 05:36:46

«Солдат портреті»

2014.05.18 01 «Солдат портреті»

М. М. Катаев атындағы  Павлодар облыстық Оқушылар сарайында 2014 жылдың 5-18 мамыр аралығында Ұлы Жеңіске арналған «Солдат портреті» тақырыбы бойынша «Шеберлер қаласы»  балалар бейнелеу өнері шығармашылығының облыстық конкурс - көрмесінің екінші кезеңі өтті. Ұйымдастырушылар - Оқушылар сарайының эстетикалық тәрбие бөлімінің педагогтері -бұл конкурсты екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандардың есімін мәңгі еске сақтау, балалар мен жасөспірімдердің патриотизмін және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне айғыс, үлкен құрмет сезімін қалыптастыру, сонымен бірге балалар шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейнелеу өнері мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетін қолдау және ынталандыру үшін ойластырды.
Конкурсқа қатысушылар облыс пен қаламыздың жалпы білім беру және көркемөнер мектептері мен студияларының, аула клубтарының 7-16 жас аралығындағы оқушылары  болды.

Қазылар алқасының құрамына  Павлодар көркемөнер колледжінің аға оқытушысы Алтын Ибрайқызы Кисамитденованың төрағалық етумен  № 1 БКМ сурет және кескіндеме оқытушысы Гүлназ Ержанқызы Алданазарова және  М. М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының  «Сымбат»  бейнелеу студиясының жетекшісі Елена Александровна Каркавина енді.

2014.05.18 02 «Солдат портреті»

Конкурсқа  Павлодардан (№№  41, 7, 14 ЖОББМ,  № 1 БКМ, № 2  БКМ және облыстық Оқушылар сарайының үйірме тәрбиеленушілері), Ақсу, Ақтоғай  мен Павлодар (Розовка селосы) аудандарынан 60 оқушының 62 суреті сынға түсті. Конкурсқа әртүрлі жас категориясында  қойылған суреттер түрлі сызба және кескіндеме техникасында орындалды: жай  қарындаша пен балауыз бор, акварель бояуы  мен фломастер, гуашь және аралас техника.

Балалардың жұмысы келесідей өлшемдер бойынша бағаланды: мазмұн және идея арқылы тақырыптың ашылуы,  бейнелеу сауаттылығы мен техникалық орындалуы.  Көшірме мен салып алынған суреттер қабылданбады.

Қазылар алқасының айтуынша, конкурс қатысушыларының басым көпшілігі  –7-9 жастағы балалар, олардың суреттері ашық бояуы,табиғилығы, қызықты түсі және композициялық шешімімен ерекшеленеді.

14 до16 жастағы ересек балалардың суреттері өзінің техникалық шеберлігімен қуантты.  Сызба техникасында жай қарындашпен орындалған солдаттың портреттері техникалық сауатты орындалуымен, бейнелігімен көз тартты.

9-12 жасар оқушылар  суретті негізінен  гуашьпен салды. Олар өздерінің көркем жұмыстарында тақырыптың негізгі ойы мен мазмұнын жақсы аша білді.
Көрме, жалпы алғанда, тақырыпты толық бейнелеген, техникалық орындауы бойынша алуан түрлі, мазмұнды болды. Экспозиция Оқушылар сарайында  18 мамырға дейін тұрады, ал жас суретшілер дипломдарын 1 маусымда, Балаларды қорғау күні аладый.

Түсініктемелер қосу