Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15734926
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4423 15540 4423 15471449 389289 367126 15734926 Сіздің IP: 3.144.40.90
Уақыт: 2024-12-23 05:51:02
|
Сәнді би орындалушыларының Бүкіләлемдік фестивалі «Жібек жолы»
2014 жылғы 9-11 мамырда Астана қаласында "Silk Way" («Жібек жолы») сәнді би орындалушыларының Бүкіләлемдік фестивалі өтті. «Silk Way» - Қазақстан мен әлемдік би қоғамдастығында би өнерінің дамуындағы инновациялық жоба. Жоба Ұлы Жібек жолы өткен елдерді қамтиды. Қазақстан, Жапония, Қытай, Корей, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Еуропа мен таяу Шығыс елдерінің үздік мәдени дәстүрлерін дамытады. Бұл фестивальді Астана қаласының Оқушылар сарайы, Бүкіләлемдік спорттық би Ассоциациясының федерациясы, Қазақстандағы ұлттық би Кеңесі, Национальным Союзом Развития Танцевального Спорттық Биді Дамытудың Ұлттық Одағы, «Bomond» сәнді би ансамблі ұйымдастырды. Фестиваль «Нұр Отан» Халық-демократиялық Партиясы мен халықаралық дельфий ойындарын өткізу Комитетінің қолдауымен өткізілді. Сонымен бірге Грекия, Қытай, Израиль, Словения, Польша, Белоруссия, Украина, Ресей, Қазақстан сияқты әр елдердің қазылар алқасы қатысты. Фестивальға шамамен 800 би жұптары қатысты. Біздің елдің абыройын Қарағанды, Астана, Семей, Павлодар қалалары қорғады. Павлодар облысының абыройын құрамында 12 бишілер жұбы бар М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық би клубы қорғады. Спорттық би клубының жетекшісі Виолетта Никитина өзінің алған әсерімен бөлісті : «Фестивальға қатысушылар арасында павлодарлық балалар аса жоғары нәтиже көрсетті. Біз 12 алтын, 8 күміс және 1 қола медаль ұтып алдық. Жеті жасар Кристина Корниенко бимен 3-ші жыл шұғылданады, кішкентай қыз 20 алтын және күміс медальдардың иегері. Бұл фестивальдан ол Қазақстанның 2 медаль қосты (1 және 2 орындар). Жас жұп Гузей Дмитрий мен Уахитова Дильнұр бірге бірінші жыл шұғылданады. Осы уақыт ішінде жұп 6 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды». |