Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20631922
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6412 12349 6412 20361407 399600 381361 20631922 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-29 10:44:37
|
«Менің аяулы анам»
Жақында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында аналар мейрамы қарсаңында оқушылар сарайының жас суретшілерінің «Менің анам ең сұлу» тақырыбында сурет көрмесі болып өтті. Көрмеге ұсынылған отыздан астам кескіндеме және графика туындылары бейнелеу өнері студияларының қорынан алынды. Онда «Сымбат», «Палитра», «Алиса» студияларының қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан туындылар өнер сүйер қауымның қызығушылығын тудырып,көңілінен шықты.Үйірмешілердің шығармашылық еңбектерінде сан алуан тақырыптар қамтылған, әсіресе аяулы аналар тақырыбындағы салынған суреттер ерекше көзге түседі. Көрмеге қойылған туындылардың басым көпшілігінен алуан түрлі гүлдерді және ана мен баланы үйлесімділікпен бейнелегенін аңғаруға болады. Көрмеге қатысушылардың жасы 5-12 жас аралығында. Ең жақсы жұмыстар дипломдармен марапатталды. Бұлар «Сымбат» бейнелеу студиясының үйірмешілері: Ахмет Нұрбек, Ғайнулла Арайлым және «Алиса» шығармашылық бірлестігінің үйірмешілері Алексеенка Валера, Перамитина Алена. Көрме оқушылар сарайының үшінші қабатында орналасқан барлық көрем деушілерге есігі ашық. |














