Оқушылар сарайының педагогтері «Бір шаңырақ астында» атты келісім мен бейбітшілік көрмесін ұйымдастырды
- Подробности
-
Категория: Эстетика бөлім
-
Жарияланды: 04.05.2023 11:46
Педагоги Дворца школьников изготовили панно мира и согласия «Бір шаңырақ астында»
|
Педагоги Дворца школьников изготовили панно мира и согласия «Бір шаңырақ астында»
|
Біздің көпұлтты Қазақстанда 140-тан астам ұлт тату-тәтті өмір сүреді. Көптеген ғасырлар бойы бір шаңырақ астында, бір-бірінің дәстүрлерін құрметтеп, ана тілдерін ардақтап, салт-дәстүрлерін сақтап келеді.
1 мамыр күні Естай ат. қалалық мәдениет үйінің алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс шара өтті.
Мерекені тойлау шеңбері аясында Оқушылар сарайының педагогтері «Бір шаңырақ астында» атты көрмесін ұйымдастырды.
Өңіріміздің жалпы білім беру мектептері, бала бақшалары сәуірдің 21-нен 26 аралығында «Бір шаңырақ астында» атты тоқыма колажын жасаумен айналысты.
Оқушылар бұйымдарын фетрден, әр түрлі матадан жасап, әдемі әшекейлермен безендірді. Олар өз жұмыстарында елімізде тұратын ұлттардың атаулары, тұрмысы мен салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары, әдемі табиғаты, музыкалық аспаптары, ұлттық костюмдерін, Қазақстандағы барлық ұлттардың жеке даралығы мен ерекшеліктерін көрсете білді. Паноны жасамас бұрын, оқушылар ұлттардың тарихы мен мәдениетін зерттеді. Коллаж өлшемі: ені 105 см, биіктігі 90 см.
Өңіріміздің барлық мектептері өз ұлттарының тұрмыс – тіршілігі бейнелеген паноның бір бөлшегін жасап болған соң, Оқушылар сарайына тапсырды. Содан кейін Оқушылар сарайының шебер ұстаздары қазақ елінің салт-дәстүрін, тарихын мәдениетін көрсететін үлкен панно жасады.
Оқушылар сарайының жасаған бұйымының биіктігі 2 метр, ұзындығы 4 метр.
Шара аясында Павлодар облысының 150 оқушының қатысуымен дәстүрлі «Taqıa Fashion week» атты Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған арнайы гранд-дефиле өтті.
Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің тәрбиеленушілері домбыра, ән және би ұжымдары сахнада өнер көрсетті.
Қатысушылардың сертификаттарын жүктеп алыңыз
Түсініктемелер қосу