Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15731209
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 706 15540 706 15471449 385572 367126 15731209 Сіздің IP: 3.143.237.203
Уақыт: 2024-12-23 00:32:41
|
Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер конкурсы
Ұлы Отан соғысы Жеңістің 76-жылдық мерейтойына орай М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Бұл Жеңіс күні» атты қашықтықтан бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер конкурсын ұйымдастырды. Байқаудың басты мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және ата-бабалар мен олардың жасаған ерліктерін балалар мен жасөспірімдердің бойына сіңіру, оларға құрметпен қарауға ықпал ету.
Сұм соғыстың өткеніне қарамастан, Ұлы Отан соғысы туралы естелік біз үшін әрдайым өзекті болып қалуы тиіс, өйткені Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы тарихты сақтап қана қоймай, оларды өскелең ұрпаққа айтып беру өте маңызды. Қашықтықтан өткен суреттер конкурсына 132 жұмыс қабылданды. Оқушылар соғыстың қиын-қысту кезеңін ақ қағаз бетіне тамаша бейнелеп берді. Бұл көрмеде халықтың ащы зары, Бауыржан Момышұлы және Алия Молдағұлова туралы суреттер салып, сонымен қатар Соғыстан кейін Бейбітшілік заман туралы бейнеледі. Байқауға қатысушылар өз суреттерінде ардақты ардагерлерге алғыс, құрмет білдірді. Сәндік-қолданбалы шығармашылықта аппликация, қағаз пластикасы және квиллинг техникасы түріндегі жұмыстар ұсынылды. Жеңіс отшашулары, соғыс күндері, шайқаста шаршаған танкист, бейбіт аспан – бұл шығармашылық жұмыстардың тақырыптары. Түрлі коллаждар, әскери хаттар, ашық хаттар, Жеңіс гүлдері, батыр қалалар және тағы басқалар өздерінің көп түстерімен қуантты.
|