Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24689572
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18216 21605 18216 24448750 97685 375807 24689572 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:32:52
|
Қазақстан жас суретшілердің көзімен
Оқушылар сарайының эстетикалық тәрбие бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» бейнелеу жұмыстарының көрмесі өтті.
Көрмеге «Палитра», «Сымбат» және «Ладошки» студияларының 57 тәрбиеленушісі қатысты. Жас суретшілер өз жұмыстарында Қазақстанның тарихын, тұрмысын, мәдениетін, Тәуелсіздік жылдарында болған жетістіктер мен жаңалықтарын бейнеледі.
- Сабақта біз Қазақстан табиғатының әсемдігі туралы, халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы, елдің дамуына үлес қосатын адамдар туралы көп әңгімелестік. Өз шығармаларында балалар өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетті, - дейді мұғалім Елена Каркавина.
|














