Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15730765
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 262 15540 262 15471449 385128 367126 15730765 Сіздің IP: 3.145.78.203
Уақыт: 2024-12-23 00:12:11
|
Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі
М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 6 ақпан күні «Рухани жаңғыру» кабинетінің жоспарына сәйкес «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты қолөнер бойынша шеберлік сыныптар өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты оқушыларды қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Павлодар қаласының №№13, 15, 33, 37, 42 мектеп оқушылары «Шаштың сәні – шашбау», «Оюды жіппен бейнелеу», «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы», «Өру технологиясы», «Сыр сақтаған – Тұмар» атты шеберлік сабақтарға қатысты. Оқушылар сарайының педагогы Лаура Сыздыкованың «Шаштың сәні- шашбау» атты шеберлік сабағында оқушылар шашбаудың тарихын біліп, әдемі шашбауды жасап, шаштарына өріп алды. «Сырмақ» қолданбалы-сән студиясының жетекшісі Дәуірбек Жақсылыққызының «Оюды жіппен бейнелеу» атты шеберлік сабағында оқушылар қошқар мүйіз оюды жіппен бейнелеп тікті. «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы» атты Елена Каркавинаның шеберлік сабағында оқушылар ою-өрнекті фетр матасына тігіп, қыздарға арналған әдемі сәндік бұйым жасады. Оксана Токсанованың «Сыр сақтаған – Тұмар» атты шеберлік сабағында оқушылар тұмар туралы көп мәлімет біліп, өз қолдарымен фетр матадан тұмар жасап, оны мойшақтармен сәндеді. Павлодар қаласы № 1 ЖОМ-нің технология пәнінің мұғалімі Махмет Қайнарбек ұл балаларға өру технологиясын үйретіп, өрудің бірнеше түрлеріне тоқталды. Қазақтың қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. Оқушылар аталмыш шарада қазақ халқының ою-өрнектерінің сырын ашып, шашбауды өз қолдарымен жасап, сыр сақтаған тұмардың қасиетін біліп, өру технологиясының түрлерімен танысып, ұлттық нақышта өз қолдарымен бұйымдар жасап үйренді, халқымыздың ою-өрнектердің түрімен танысты. Шеберлік сабақтарға қала мектептерінен 60-қа жуық оқушы қатысты. Шеберлік сабақтың жетекшілері оқушыларға өз қолдарымен жасаған бұйымдарын сыйлық ретінде тарту етті. - Қазақ халқы өз ұрпағына өнердің сан – саласын үйретіп отырған. Қол өнері арқылы оқушылардың дүниетанымы, адамгершілік эстетикалық талғамдары қалыптасып, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Оқушылар бұндай шеберлік сабақтар арқылы әсемдікті тани біліп, ұлтық қол өнеріне сусындап, эстетикалық ой өрісі дамиды, - деді әдіскер Асем Аипова.
|