Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15132645
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
595
9693
20559
14881709
154134
453407
15132645

Сіздің IP: 3.144.87.182
Уақыт: 2024-11-13 00:51:14

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы

Республиканская выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына» Республиканская выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»

2018 жылдың 1-2 қараша күндері М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы өтті.

Аталмыш конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Республикалық қосымша білім беру оқыту-әдістемелік орталығы өткізді.  Конкурсқа облыстық, қалалық (Астана және Алматы) балалар шығармашылығы көрмелеріндегі жеңімпаздар қатысты.

Республиканская выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына» Республиканская выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»
Республиканская выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына» Республиканская выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»

Конкурстық жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: көрменің номинациясымен жұмыстың орындалуына; халық дәстүрлерін сақтау және пайдалану; жұмыстың сапасы мен көркемдік деңгейі; өзіндік ерекшелігі; өнімнің стилистикалық, көркемдік және бейнелі шешімдерінің бірлігі.

Оқушылар сарайының үлкен залының фойесінде Қазақстанның барлық өңірлерінен оқушылардың 560 жұмысы ұсынылды. Қатысушылардың жұмысы келесі 7 номинация бойынша көрмеге қойылды: тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы; ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш); көркемдеп өңдеу: витраж; металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау; ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау; қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше.

Көрменің салтанатты жабылуында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Бас жүлдеге ие болғандар:

Садыков Фурхат, Түркістан облысы – «тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы бойынша;

Аманғалиев Айбат, Батыс-Қазақстан облысы – «ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясы бойынша;

Қалмаханұлы Мейрамбек, Алматы облысы - «шыныны көркемдеп өңдеу, витраж» номинациясы бойынша;

Лебедев Родион, Қызылорда облысы – «металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу» номинациясы бойынша;

Жанабаев Шерхан, Павлодар облысы – «ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясы бойынша;

Раушанбек Шұғыла, Түркістан облысы – «ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша;

Изтелеуова Ислана, Қостанай облысы – «қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша.

Конкурстың қатысушылары сертификаттарға ие болды, жеңімпаздар – дипломдар мен бағалы сыйлықтарға қол жеткізді. Жеңімпаздарды дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.

Итоги выставки-конкурса художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»

Түсініктемелер қосу