Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15731725
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1222 15540 1222 15471449 386088 367126 15731725 Сіздің IP: 3.142.198.250
Уақыт: 2024-12-23 00:58:03
|
Шеберлі ұстаз – мектеп жүрегі
2018 жылдың 31 қаңтар күні М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының эстетика бөлімінің ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби өзін-өзін жетілдіруінің көкжиегі» атты тақырыбына облыстық семинар өтті. Семинарға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан және Шарбақты, Май, Баянауыл аудандарынан 13 педагог қатысты. Оқушылар сарайы эстетика бөлімінің меңгерушісі Татьяна Фирсова «Қосымша білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби өзін-өзін жетілдіруінің көкжиегі» атты тақырыбына баяндама оқыды. «Күнделікті тұрмыста эко-стильінде тоқыма бұйымдарын қолдану» атты тақырыбында Оқушылар сарайы «Декор» студиясының жетекшісі Елена Мирзоян семинар қатысушыларына шеберлік сабағын ұсынды. Бұл сабақта семинар қатысушылары табиғи материалдардан, сәндік-қолданбалы жұмыстарды орындау технологиясымен таныса алды. «Батикті күрмеп байлау технологиясында майлықтарды жасау» атты тақырыбында «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Васелина Дмитриева шеберлік сабағын қызықты дайындапты. Барлық қатысушылар ұлттық жұмыстарды одан әрі орындау үшін жарқын, бұдырлы үлгілері бар мата бояу техникасын түйін батик әдісімен жұмыс жасауды үйренді. «Пейп-арт техникасында бұйымдарды жасау» технологиясын Екібастұз қаласы техникалық мектебінен келген ұстаз Мадина Хамзина ұсынды. Семинар қортындысы бойынша қатысушылар «Алаша тоқу» технологиясын және экостильде бұйымдарды жасау бойынша шеберлік-сабақтарды ұйымдастыруға ұсыныс білдірді. |