Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

22883304
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
18311
5396
45213
22612565
97552
270568
22883304

Сіздің IP: 216.73.217.15
Уақыт: 2026-07-10 19:16:31

Өз бойымызда өнерді сүйе білейік

Любите искусство в себе Любите искусство в себе
Любите искусство в себе Любите искусство в себе

Оқушылар сарайында 24 мамыр күні эстетикалық бөлімінің қатысуымен «Әсемдік әлемінде 2017» қолданбалы-сән өнерінің көрмесі болып өтті. Бұл бөлімнің бір жылғы жұмыс қортындысы осындай шығармашылық шаралардың ұйымдастыруымен өтеді.

Любите искусство в себе Любите искусство в себе
Любите искусство в себе Любите искусство в себе

Көрмеге бес ұжымның тәрбиеленушілері жұмыстарын ұсынды: «Сюрприз» шығармашылық шеберханасы (жетекшісі А.Н. Гоголь), «Декор» студиясы (Е.Л. Мирзоян), «Палитра» бейнелеу студиясы (В.А. Дмитриева) және «Сымбат» (Е.А. Каркавина), «Сырмақ» үйірмесі (Д.Ж. Жагслах). Жүзден астам 124 жұмыс сән-қолданбалы техника үлгісінде қолдан жасаған өнерлерін паш етті. «Жұмсақ ойыншық» техникасында (35) жұмыс түрлері көрсетілді, сонымен қатар жүннен және фетр матасынан көптеген жұмыстар болды.

Балалар «кескіндеме», «графика» техникасында сурет салып, коллаждар жасап, моншақ, бисер, жүннен көркемдік жұмыстар жасады. Көрмедегі экспонаттарының ішінде тоқымадан жасалған ойыншықтар, аппликациялар, теріден жасалған бұйымдар тағы да бар. Көрмедегі жұмыстарды жасау үшін керамика, қағаз, батик, қауырсын, фетр, фоамирам және табиғи материалдар қолданылды.

Аталмыш көрмелердегі суреттер және графика арқылы, балалардың бойында сән-қолданбалы өнер мен олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ал ұстаздар болса оқушының бойына ұлттық мәдениетке және ұлттық салт-дәстүрге деген тәлім-тәрбиені қалыптасырады.

Түсініктемелер қосу