Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15734665
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4162 15540 4162 15471449 389028 367126 15734665 Сіздің IP: 52.15.35.129
Уақыт: 2024-12-23 05:33:34
|
Шеберлер еліне саяхат
Ағымдағы жылы М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында эстетикалық бөлімінің ұйымдасытруымен қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Қосымша білім беру педагогінің жұмысындағы интеграциялық тәсіл» тақырыбы аясында облыстық семинар өтті. Семинардың бағдарламасына сәйкес эстетика бөлімінің меңгерушісі Т. Фирсова «Қосымша білім беру педагогінің жұмысындағы интеграциялық тәсіл» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Семинар қатысушылары қызықты әрі танымдық 4 шеберлік сабаққа қатысты. «Тильда» техникасында тігін кәдесыйларын дайындау» тақырыбы бойынша Оқушылар сарайы «Сюрприз» шығармашылық шеберханасының жетекшісі Анна Гоголь шеберлік сабағын көрсетті. Ата бабамызға мирас болып қалған өрнекті ши орау, тоқу әдіс тәсілдерімен Оқушылар сарайы «Сырмақ» ұлттық студиясының жетекшісі Дәуірбек Жагслах «Суретті бейнелеуде ши тоқу технологиясын пайдалану» тақырыбында өз тәжірибесімен кең бөлісті. Ақсу қаласы, балалар өнер мектебі көркемсурет бөлімінің оқытушысы Светлана Ольховская «Оюлы принтпен симметриялы ойық жасау» шеберлік сабағын тиімді дайындады. Аталмыш мектептен келген көркемсурет бөлімінің оқытушысы Жанна Ошмарина «Нирография - креативтік ойлауды интеграциялаудың тәсілі» - тақырыбында шеберлік сабағы шығармашыл болып табылды. Педагогтар металмен жұмыс жасауды, көлемді қуыршақтар және бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес әдіс тәсілдермен әріптестерімен пікір алмасты. «Менің өткізген шеберлік сабағымда педагогтар ши өру технологиясын меңгеріп, станокпен жұмыс жасауды үйренді» - деді, Оқушылар сарайы «Сырмақ» ұлттық студиясының жетекшісі Дәуірбек Жақсылыққызы. Семинардың қортындысы бойынша қонақтар өткізілген шығармашылық шеберхананың жоғары дәрежеде бағалап өтті. Семинарға Павлодар облысы көлемінде қосымша білім беру ұйымдарынан 26 педагог қатысты.
|