Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20444466
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1871 15298 17169 20170934 212144 381361 20444466 Сіздің IP: 216.73.216.11
Уақыт: 2025-12-16 03:31:33
|
Әсерлі әңгіме
29 қазан күні Оқушылар сарайында «Путь к успеху» жобасы аясында «Славян орталығының» төрайымы Кузина Татьяна Ивановнамен кездесу болды. Жарқын жүзді Татьяна Ивановна кездесуге келген оқушылармен сырын, шынын айта отырып сөйлесті. Өзінің анасынан есінде қалған «Бақытты болғың келсе, бол!», «Ақылды болғың келсе, бол!» деген сөздерін айтудан жалықпады. Балалардың бәрін шаршамауға, ізденуге, еңбек етуге шақырды. Бұдан басқа Татьяна Ивановна өзінің балалық шағы, отбасы, балалары туралы, қызмет жолы мен жұмысы бойынша атқарған істері жайлы сұрақтарға жауап берді. Екі жақтың әңгімесі өте мазмұнды әрі қызықты болды. Құрметті қонағымызға Оқушылар сарайы «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясының шәкірті Сергей Никитенко «Лети со мной» әнін орындап берді. Ұйымдастырушылар естелік сыйлық тапсырып, кездесу соңынан жалпы суретке түсті. Өмірлік ұстаз бола алатын, Татьяна Ивановнаның сөзін тыңдаған жас өрендер мәнді сұхбатқа ерекше ризашылық білдіре отырып тарасты. |














