Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23615384
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5877 15430 36483 23254078 506810 322822 23615384 Сіздің IP: 216.73.216.156
Уақыт: 2026-08-26 09:39:33
|
Махаббат тарихы. Жеңіс тарихы
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық-би клубы «Love Story-2016» атты спорттық-балдық ашық би турнирінен 8 алтын медальдарға ие болды. Бұл турнир 21 ақпан күні Семей қаласында Жастар және балалар шығармашылығы сарайында өтті. Аталмыш жарысқа Семей, Павлодар, Риддер және Өскемен қаласынан келген би ұжымдарының басын қосты.
«Анастасия» спорттық-би клубының бапкері Виолетта Никитинаның айтуы бойынша оның тәрбиеленушілері барлық біліктерін көрсетті. Көзге түскен Серікбосын Оспанов – Азиза Бектурова, Ислам Жагупаров – Анастасия Гарифуллиналар болды. Ал Амина Оразғали, Аружан Бопышева, Ясмин Бажаевалар – жоғары деңгейде өз өнерлерін паш етті. Қазіргі таңда «Анастасия» спорттық-би клубы Мәскеу қаласында өтетін турнирге дайындық үстінде. |














