Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12866344
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6591
4587
45017
12623686
184797
375712
12866344

Сіздің IP: 3.145.173.112
Уақыт: 2024-04-26 10:51:13

Би әлеміңде

В мире танца В мире танца

2016 жылдың 8 қаңтарында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «МЕГА-DANCE» облыстық хореографиялық конкурсының финалы мен қортындысын шығару кезеңі өтті. Аталмыш конкурс 2015 жылдың қараша айында жүзеге асырылды. Конкурстың қортынды бірінші іріктеу кезіңіне жүлделі орындарға ие болған, балалар би ұжымдары қатысты.

Павлодар облысының би ұжымдары М.Катаев атындағы Оқушылар сарайына екі жыл ішінде дәстүрге сай, би өнерінде жарысқа түсу үшін келеді. Әртістер өз қабілеттерін келесі номинациялар бойынша көрсете алады:  халық биі, эстрадалық би және заманауи би. Бұл жылы би жарысына 17 би ұжымдарынан, 258 жас бишілер қатысты. Хореографиялық өнер сайысының қортыңды кезеңінде 17 ұжым, оның құрамында 9-18 жас аралығындағы 181 биші қатысты.

В мире танца В мире танца

«МЕГА-DANCE» облыстық хореографиялық конкурсының Гран-приі кіші жас ерекшелік категориясы бойынша, Баянауыл ауданы Майқайын балалар өнер мектебінің «Айналайын» үлгілі би ұжымына тиесілі болды, жетекшісі Кристина Рустамова.

I орын «Ұлттық би» номинациясы бойынша кіші жас ерекшелік категориясында Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған арнайы гимназиясы «Айгөлек» би ұжымына берілсе, орта жас ерекшелік категориясы бойынша – Баянауыл ауданы Майқайын балалар өнер мектебінің «Айналайын» үлгілі би ұжымы жеңіп алды.

В мире танца В мире танца

II орын кіші жас ерекшелік категориясында дарынды балаларға арналған №10 Абай атындағы мектеп-лицейінің «Салтанат» үлгілі би ұжымына берілді, ал орта жас ерекшелік категориясы бойынша – Павлодар ауданы Шақат мектебінің «Айгөлек» би ұжымы иеленді.

III орын кіші жас ерекшелік категориясында Май ауданы Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінің «Шұғыла» би ұжымы ие болса, III орын орта жас ерекшелік категориясы бойынша Ақсу қаласы балалар шығармашылық үйінің «Ақ көгершін» би ұжымына, ал жоғарғы жас ерекшелік категориясы бойынша Павлодар қаласы №9 мектеп-гимназиясының «Вдохновение» хореография ұжымына берілді.

I орын кіші жас ерекшелік категориясы бойынша «Эстрадалық би» номинациясы бойынша Баянауыл ауданы Майқайын балалар өнер мектебінің «Айналайын» үлгілі би ұжымы ие болды. II орын кіші жас ерекшелік категориясы бойынша Павлодар қаласының №40 орта мектебінің «Акварель» би ансамбілі жеңіп алды.

Барлық белсенді қатысушылар Дипломдармен марапатталды.

Конкурс аясында би педагогтарына арналған облыстық семинар өткізіліп, «Хореографиялық өнер-балаларды эстетикалық тәрбиелеудің құралы: проблемалар мен олардың шешу жолдары» атты пікір-талас алаңы болды.

Семинар тақырыбы бойынша Ақсу қаласы Ж.Мұса атындағы арнайы пәндердің оқытушысы Мысықбаева Әсел Қабылбекқызы сөз сөйлеп, облыстық хореографиялық ұжымдардың жетекшілері өз табыстарымен, жетістіктері әрі перспективаларымен бөлісіп, өз мамандықтары бойынша проблемалардың шешу жолдарымен ой бөлісті.

Қатысушылар «Би әлеміңе үңілу» атты шеберлік-сабағында тәжрибелі хореографтарының профессионалдық шеберлігімен танысты.

Павлодар ауданы Шақат ЖОМ-нің «Айгөлек» би ұжымының жетекшісі Арай Сағынтай «Би құдіреті» - қазақ биінің негіздерін үйрету әдістемесімен таныстырып өтті.

Оқушылар сарайының «Вдохновение» үлгілі би ансамбілінің жетекшісі Галина Лапухина классикалық би оқыту әдісінде қарапайымнан күрделіге ауысудың жұмыс тізбегін ұсынды.

Оқушылар сарайы «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының жетекшісі Любовь Корнюхина шығыс бидің оқыту әдісін паш етті.

Түсініктемелер қосу