Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15745015
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 14512 15540 14512 15471449 399378 367126 15745015 Сіздің IP: 3.22.68.29
Уақыт: 2024-12-23 18:05:31
|
Би әлеміңде
2016 жылдың 8 қаңтарында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «МЕГА-DANCE» облыстық хореографиялық конкурсының финалы мен қортындысын шығару кезеңі өтті. Аталмыш конкурс 2015 жылдың қараша айында жүзеге асырылды. Конкурстың қортынды бірінші іріктеу кезіңіне жүлделі орындарға ие болған, балалар би ұжымдары қатысты. Павлодар облысының би ұжымдары М.Катаев атындағы Оқушылар сарайына екі жыл ішінде дәстүрге сай, би өнерінде жарысқа түсу үшін келеді. Әртістер өз қабілеттерін келесі номинациялар бойынша көрсете алады: халық биі, эстрадалық би және заманауи би. Бұл жылы би жарысына 17 би ұжымдарынан, 258 жас бишілер қатысты. Хореографиялық өнер сайысының қортыңды кезеңінде 17 ұжым, оның құрамында 9-18 жас аралығындағы 181 биші қатысты. «МЕГА-DANCE» облыстық хореографиялық конкурсының Гран-приі кіші жас ерекшелік категориясы бойынша, Баянауыл ауданы Майқайын балалар өнер мектебінің «Айналайын» үлгілі би ұжымына тиесілі болды, жетекшісі Кристина Рустамова. I орын «Ұлттық би» номинациясы бойынша кіші жас ерекшелік категориясында Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған арнайы гимназиясы «Айгөлек» би ұжымына берілсе, орта жас ерекшелік категориясы бойынша – Баянауыл ауданы Майқайын балалар өнер мектебінің «Айналайын» үлгілі би ұжымы жеңіп алды. II орын кіші жас ерекшелік категориясында дарынды балаларға арналған №10 Абай атындағы мектеп-лицейінің «Салтанат» үлгілі би ұжымына берілді, ал орта жас ерекшелік категориясы бойынша – Павлодар ауданы Шақат мектебінің «Айгөлек» би ұжымы иеленді. III орын кіші жас ерекшелік категориясында Май ауданы Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінің «Шұғыла» би ұжымы ие болса, III орын орта жас ерекшелік категориясы бойынша Ақсу қаласы балалар шығармашылық үйінің «Ақ көгершін» би ұжымына, ал жоғарғы жас ерекшелік категориясы бойынша Павлодар қаласы №9 мектеп-гимназиясының «Вдохновение» хореография ұжымына берілді. I орын кіші жас ерекшелік категориясы бойынша «Эстрадалық би» номинациясы бойынша Баянауыл ауданы Майқайын балалар өнер мектебінің «Айналайын» үлгілі би ұжымы ие болды. II орын кіші жас ерекшелік категориясы бойынша Павлодар қаласының №40 орта мектебінің «Акварель» би ансамбілі жеңіп алды. Барлық белсенді қатысушылар Дипломдармен марапатталды. Конкурс аясында би педагогтарына арналған облыстық семинар өткізіліп, «Хореографиялық өнер-балаларды эстетикалық тәрбиелеудің құралы: проблемалар мен олардың шешу жолдары» атты пікір-талас алаңы болды. Семинар тақырыбы бойынша Ақсу қаласы Ж.Мұса атындағы арнайы пәндердің оқытушысы Мысықбаева Әсел Қабылбекқызы сөз сөйлеп, облыстық хореографиялық ұжымдардың жетекшілері өз табыстарымен, жетістіктері әрі перспективаларымен бөлісіп, өз мамандықтары бойынша проблемалардың шешу жолдарымен ой бөлісті. Қатысушылар «Би әлеміңе үңілу» атты шеберлік-сабағында тәжрибелі хореографтарының профессионалдық шеберлігімен танысты. Павлодар ауданы Шақат ЖОМ-нің «Айгөлек» би ұжымының жетекшісі Арай Сағынтай «Би құдіреті» - қазақ биінің негіздерін үйрету әдістемесімен таныстырып өтті. Оқушылар сарайының «Вдохновение» үлгілі би ансамбілінің жетекшісі Галина Лапухина классикалық би оқыту әдісінде қарапайымнан күрделіге ауысудың жұмыс тізбегін ұсынды. Оқушылар сарайы «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының жетекшісі Любовь Корнюхина шығыс бидің оқыту әдісін паш етті. |