Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15744420
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13917
15540
13917
15471449
398783
367126
15744420

Сіздің IP: 3.12.34.96
Уақыт: 2024-12-23 17:28:04

Акме жолында педагогтің өзін-өзі ұйымдастыруы

Самоорганизация педагога на пути к Акме Самоорганизация педагога на пути к Акме

2015 жылғы 27 қарашада Оқушылар сарайында вокал бойынша қосымша білім беру педагогтері, мектептердің музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған «Балаларға білім беру және тәрбиелеуде  акмеологиялық тәсілді қолдану»  тақырыбында облыстық оқу семинары өткізілді.

Педагогтер алдында  ПМПИ аға оқытушысы, техникалық ғылымдардың кандидаты  Бибігүл Бейсенбайқызы Искакова «Акменің ерекшеліктері – технологиялары мен оның білім беру сапасын арттыру тәжірибесіндегі мүмкіндіктері» тақырыбы бойында баяндама жасады.  Ол акмеологияны қолдану мына сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік беретінін атап өтті: адамның өзін-өзі ұйымдастыруы қалай болады, оны қозғаушы механизмдар қандай және танымал толудың шыңына қалай жету керек. Ол өз кезегінде, педагогтің өмірлік жолы мен өзін-өзі ұйымдастырудың үлгісін құруға мүмкіндік береді,  сауатты жүзеге асырылса табысқа жетуге мүмкіндік береді.

Самоорганизация педагога на пути к Акме Самоорганизация педагога на пути к Акме

Оқушылар сарайының әдіскері Мельник Л.В. акмеология туралы Оқушылар сарайында алғаш рет 2006 жылы сөз бола бастағанын атап кетті. Акмеологиялық технологияның арқасында педагогтер өздерінің кәсіби жұмысының траекториясын құруды үйренді, ол арқылы алға қойған мақсаттардың кезең-кезеңмен орындалуы жақсы байқалатын болды.

Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтері вокал бойынша 4 негізгі кезеңнен құралған интегралдық сабақтар көрсетті. Әншілік дағдыны қалыптастырудың тәсілі болып табылатын әндету - Валько Е.М., «Свет звезды» үлгілі ән театрының жетекшісі; «Ансамбль және қатар» - вокализм және шығармамен жұмыс барысында әуенді және үйлесімді қатарды қолдану – Ногаева Б.Қ., «Жас дәурен» вокалдық студиясының жетекшісі; «Вокалдық интонациямен жұмыстың бір түрі -фортепианоның сүйемелдеуімен вокалдық шығармаларды орындау» – Қапарова Д.З., «Дебют» вокалдық студиясының жетекшісі; «Балаларды вокалға үйретуде түрлі бағыттағы сабақтардың ажырамас бір бөлігі – рефлексия»- Атлан Т.И., «Музыкальный квартал»эстрадалық вокал студиясының жетекшісі.

Педагогтер өз ұжымдары, Халықаралық және Республикалық конкурстардағы жетістіктері туралы әңгімеледі, ансамбльдік ән айтуда, көп дауысты шығарманы орындаудағы білім, білік дағдылардың негіздерін ашып айтты, бірқатар тыныс алу жаттығуларын көрсетті. Қонақтар ән айту және тыныстау жаттығуларына қатысты. Балалар қонақтарға партиямен, акапельді ән орындауды көрсетті. Қонақтарға арнап бірнеше шығармалар орындады.

Жетекшілер сүйемелдеушілермен бірге өздерінің жеке оқушымен және балалар ұжымымен жұмыс істеу шеберлігін көрсете білді. Ноғаева Б.Қ. өз жұмыс тәжірибесінен алынған жинақтың тұсаукесерін өткізді «Вокалдық хордық тәрбиелеу барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», Атлан Т.И. мен Ноғаева Б.К. өздерінің авторлық білім беру бағдарламаларымен таныстырды: «Палитра детских голосов», «Қазақ әндері аркылы балаларлың музыкалық мәдениетін қалыптастыру».

Рефлексия облыс педагогтері өздерінің әріптестерінің жұмысын «өте жақсы» деген бағамен бағалап, семинар мазмұнына, оның ұйымдастырылуына риза болғанын, таңдап алынған тақырыптың өзектілігін атап өткенін анықтады. Жоғары деңгейдегі шеберлік жоғары бағаланды.

«Перспектива» сауалнамасында келесі семинарлардың бірнеше қызықты тақырыптары ұсынылды.

Семинарға өңірдің 10 қала және аудандарынан 36 педагог қатысты. Семинар жұмысына Қашыр, Лебяжье, Успен аудандарының педагогтері қатыспады.

Түсініктемелер қосу