Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17526156
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10 13704 13714 17210852 446107 426494 17526156 Сіздің IP: 18.188.13.212
Уақыт: 2025-04-29 00:02:13
|
Елордадан – марапатпен!
2015 жылдың 20-25 қазан аралығында Астана қаласы, бейбітшілік және келісім Сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау мақсатында XI Ұлттық жастар Дельфи ойындары өтті. М.Катаев атындағы облыстық оқушылар Сарайының «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі «Заманауи би» номинациясы бойынша қола медальге ие болды. Аталмыш фестиваль «Тарих толқындары» атты ұранымен өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Ұлттық Дельфи комитетінің қолдауымен Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі, "BAQ ORDA" Media Group мұрындық болды. Жарысқа қатысуға аймақтық Дельфи ойындарының 15-21 жас аралығындағы жеңімпаздары шақырылды. Жас таланттар өнердің барлық түрінен бәйгеге түсті: бейнелеу, орындау, қолданбалы, тіл өнері, экологиялық және әлеуметтік. Қазылар құрамына көрнекті қайраткерлер, мәдениет, білім және ғылым саласының жұмыскерлері енді. Қазылар төрағасы Қазақстанның Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері» Айман Мұсаходжаева болды. Биылғы жылы еліміздің 14 аймағынан, Алматы, Астана қалаларынан 500 - ден астам бала жарысқа түсті.
|