Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24689587
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
18231
21605
18231
24448750
97700
375807
24689587

Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:35:38

«TV START» байқауының үздік қорытындысы

Отличный финиш конкурса «TV START» Отличный финиш конкурса «TV START»

Павлодарлық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық би клубы Түркияда өткен «TV START» телевизиялық байқауында екі номинация бойынша елге жүлделі оралды. «Хореография» номинациясы бойынша гран при және 9-12 жас ерекшелік категориясы арасында «TV START mini Models» сән байқауында спорттық-би клубының тәрбиеленушісі Евгения Лерих жүлдеге орындарға ие болды.

«TV START» IX Халықаралық телевизиялық конкурс фестивалі Түрік елінің Кемер қаласында, Анталия әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтті.

Қазан айының 2-сі мен 9-ы аралығында фестиваль апталығы аясында қатысушылармен танысу, Анталия қаласында әкімшілікке бару, фестиваль бағдарламасында марапаттау рәсімі, әрі қызықты демалыс ұйымдастырылды.

Байқауға Түркия, Ресей, Украина, Қазақстан, Болгария, Латвия, Чехия, Грузия, Германия және АҚШ елдерінен келген балалар-жасөспірімдер шығармашылық ұжымдары қатысты. Балалар ән айтуда, би билеуде, подиум бойынша жүру, шоу бағдарламаларды жүргізіп және тележүргізуші болуда жарысқа түсті. Бастапқы жанрында және цирк өнерінде балалар өз шеберліктерін ортаға салды. Байқау бірнеше жас ерекшелік категориясы бойынша өткізілді. «TV START» байқауы осы жылы алғаш рет 18 жастан 27 жасқа дейін ересек адамдарға да қатысуға мүмкіндік берді.

Бұл байқауда жеңімпаз атанған Женя Лерихтің жеңісі, оның бапкерлері Виолетта Никитина мен Анастасии Загорулькаға жаңа оқу жылының жемісті басталуына септігін тигізді.

Түсініктемелер қосу