Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар12902515
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 23856 18906 81188 12623686 220968 375712 12902515 Сіздің IP: 3.149.250.1
Уақыт: 2024-04-27 23:25:09
|
«TV START» байқауының үздік қорытындысы
Павлодарлық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық би клубы Түркияда өткен «TV START» телевизиялық байқауында екі номинация бойынша елге жүлделі оралды. «Хореография» номинациясы бойынша гран при және 9-12 жас ерекшелік категориясы арасында «TV START mini Models» сән байқауында спорттық-би клубының тәрбиеленушісі Евгения Лерих жүлдеге орындарға ие болды. «TV START» IX Халықаралық телевизиялық конкурс фестивалі Түрік елінің Кемер қаласында, Анталия әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтті. Қазан айының 2-сі мен 9-ы аралығында фестиваль апталығы аясында қатысушылармен танысу, Анталия қаласында әкімшілікке бару, фестиваль бағдарламасында марапаттау рәсімі, әрі қызықты демалыс ұйымдастырылды. Байқауға Түркия, Ресей, Украина, Қазақстан, Болгария, Латвия, Чехия, Грузия, Германия және АҚШ елдерінен келген балалар-жасөспірімдер шығармашылық ұжымдары қатысты. Балалар ән айтуда, би билеуде, подиум бойынша жүру, шоу бағдарламаларды жүргізіп және тележүргізуші болуда жарысқа түсті. Бастапқы жанрында және цирк өнерінде балалар өз шеберліктерін ортаға салды. Байқау бірнеше жас ерекшелік категориясы бойынша өткізілді. «TV START» байқауы осы жылы алғаш рет 18 жастан 27 жасқа дейін ересек адамдарға да қатысуға мүмкіндік берді. Бұл байқауда жеңімпаз атанған Женя Лерихтің жеңісі, оның бапкерлері Виолетта Никитина мен Анастасии Загорулькаға жаңа оқу жылының жемісті басталуына септігін тигізді. |