Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15744193
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13690 15540 13690 15471449 398556 367126 15744193 Сіздің IP: 3.144.242.149
Уақыт: 2024-12-23 17:13:40
|
Жерорта теңізінің аңызы
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы Испания елінде өткен, «Легенда Средиземноморья» атты Халықаралық фестиваліне қатысып, үш рет бірінші орынға ие болды, жетекшілері Любовь Корнюхина және Ирина Руденко. Фестивальге Малазия, Ресей, Испан, Қазақстан, Болгар елдерінің би ұжымдары қатысты. Бұл фестиваль-конкурс Барселона – Коста Брава, Испания – Канны – Ницца, Франция – Монте-Карло, Монако – Сан-Ремо, Италия бағыттары бойынша өтті. Фестиваль бағдарламасы өзінің көлемдігі және қанықтығымен бірегей болды. Жас өнерпаздар көрермендерге өздерінің шеберлігін көрсетіп қана қоймай сонымен қатар Испания, Франция, Италия және Монако князьдігінде болып қайтты. «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы – эстрадалық би (MIXTA) аралас категориясы номинациясы бойынша сайысқа қатысты. Жоғарғы жасөспірімдік топ халық биі және эстрадалық биі номинациясы бойынша қатысты. Павлодарлықтар европалық көрермендерге «Эхо песков», «Солнечный берег», «Свободный полёт», «Танец степей» атты бірнеше би копозицияларын ұсынды. Орта және кіші топ «Ласточки» және «Капельки» атты билерін сайысқа алып келді. Барлық ұжым қатысқан, 30 адамнан тұратын «Дрессировщица» атты биі сайыста бұқаралық болды. Конкурс пен фестивальдің қосылу тұтастығы экскурсияларға қатысу басқа елдің мәдениетімен танысу, осы халықаралық іс-шараның ахуалына бөлену, шебер-сыныптарға, сайыскерлерге арналған викториналармен дискотекаларға қатысу, басқада өз ісінің шебер тұлғаларынан тәжірибе жинақтауға керемет мүмкіндік береді. |