Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12805794
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2971
5749
25866
12574557
124247
375712
12805794

Сіздің IP: 18.191.254.106
Уақыт: 2024-04-19 08:24:38

«Әлем, Өнер және Теңіз»

«Мир, Искусство и Море» «Мир, Искусство и Море»

9-15 маусым аралығында Варна (Болгария) елінде IV Халықаралық балалар-жасөспірімдер фестиваль-конкурсы өтті. Фестивалдің мақсаты: тәжірибемен алмасу және балалар мен жастар арасында талантты жастарды айқындау, фестиваль болып жатқан елдің мәдениетімен танысу, орындаушылардың тәжрибелік шеберлігін дамыту.  Фестиваль «Рива» қонақжай маңында орналасқан, алтын құмның үстінде ашық сахна өтті. Қазылар алқасы  сахналық өнер жанрының барлық түрін қамтыған тәжрибелі мамандар конкурс қатысушыларын бағалады.

Әншілер күнделікті тыңғылықты дайындықтан кейін,  жылы Қара теңіз жағасында демалып, шуақты күннің көзі мен конкурстың бақытты күндері  өте жақсы өтті. Конкурсқа қатысушылар ескі достармен кездесіп, жаңа әншілермен танысып, Қара теңіздің маңындағы барлық қызықтарға кенелді.  Бұл танымал көпжанрлық конкурста, болгар халқының балалары мен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар қатысты: олар Прибалтика, Өзбекстан, Украина және Қазақстан елдерінен болды.   Біздің Қазақстанды М.Катаев атындағы Павлодар облыстық оқушылар сарайының «Дебют» авторлық студиясының тәрбиеленушілері таныстырды. Бұл студияда  Қазақстан композиторлар одағының мүшесі  Эльвира Лютровник және  аккомпаниатор Динара Капарова жетекшілік етеді.

«Мир, Искусство и Море» «Мир, Искусство и Море»

«Дебют» авторлық студиясының әншісі Анастасия Дмитриева «Эстрадный вокал» номинациясында 1 орынға ие болды.

Орындаушылардың ішіндегі ең үздігі ретінде Настяны фестивалдің гала-концертіне шақырды. Варна қаласына келген «Дебют» авторлық студиясының басқа да әншілері әндерін өте тамаша орындап шықты.

Осы студияда бір жыл ғана дәріс алған оқушылар Лолита Линкелс, Камила Рахмет және Дилара Каирбекова II – ші орынды ұтып алды.

Фестивалде мәдени-сауықтыру іс-шаралар да қарастырылды: Болгария бойынша экскурсия, және Қара теңізде шомылу сонымен қатар алтын құм жағасында демалу тағы да болды.

Түсініктемелер қосу