Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16411501
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5370 20398 63477 16078164 92179 460667 16411501 Сіздің IP: 3.141.18.167
Уақыт: 2025-02-07 12:44:06
|
«Музыкальный квартал» ән тобындағы мереке
«Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы шығармашылық өнерлерінің бес жылдығын атап өтті. Бұл ұжымның жетекшісі - Татьяна Ивановна Атлан, концертмейстері - Ольга Михайловна Бродич. Оқушылар сарайының үлкен залында 20 мамыр күні бұл студияның есеп беру концерті болды. Мерекелік кешке ұжымның өнерсүйер қауымы, жас әртістердің сыныптас достары, ата-аналары, үйірмешілері және Оқушылар сарайының ұстаздар қауымы болды. Шығармашылық жолының аз уақытына қарамастан бұл ұжым Германия, Ресей, Италия елдерінде өткен Халықаралық, Республикалық танымал конкурстарында биік жетістіктерге жетті. Осы жылдың көктем айында Алматы қаласында өткен «Манящие лики гор» атты балалар және жасөспірімдер Халықаралық фестиваль-конкурсында топтың әнші қыздары Алина Кулбаева, Дарья Иванченко, Аружан Казбекова және Аиша Арантаева жеңімпаздар атанды. Павлодарлық өнерсүйер қауымға Сергей Никитенко, Даша Иванченко және «Эльzа», «Визави», «Асыкпа», «Эскимо» топтарының кішкентай әншілері жақсы таныс. Концертте әншілердің өнерлері мейірімділік пен қуанышқа толы болды, көрермендерің ыстық ықыласын, ду қол шапалақтарын туғызды. Мерекеде 23 ән композициясы қамтылды, барлық әншілер бірнеше әннен орындап шықты. Бұл ұжымның репертуарында өте көптеген әндер көрермен назарына лайықты болды, ал «Каникулы», «Мекенім, Қазақстан» және Тұрар Зейнолланың орындауындағы «Мен ораламын» әні, және 9 мамыр мерекесіне дайындалған «Жеңіс туралы» әндері көпшілікті тамсандырды. «Музыкальный квартал» ұжымының әншілері мерекелік концерттерін «Взгляни на эту землю» атты тамаша әнімен аяқтап, мерекеде жұлдызды жауын себеленіп, балалар сыйлықтармен марапатталды. |