Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15743524
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13021 15540 13021 15471449 397887 367126 15743524 Сіздің IP: 3.145.61.142
Уақыт: 2024-12-23 16:22:40
|
«Жас дәурен» шоқжұлдыздары
24 мамыр күні М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында «Жас дәурен» вокал студиясының есеп беру концерті болды. Концерт «Жас дәурен» шоқжұлдыздары деп аталуының себебі, бұл ұжымдағы әрбір талантты бала – жұлдыз, ал олардың ұжымы шоқжұлдыздар. «Жас дәурен» вокал студиясына осыдан 15 жыл бұрын, жүзден астам ұлдар мен қыздар келіп өздерінің жұлдызды жолдарының тарихын бастады. Осы жерде шығармашылық өнер арасында балалардың таланттары шыңдай түседі. Бүгінгі мерейтойлық концерт көп жылдардың қажырлы еңбегі. Студия ұжымының мақтан тұтатын жетістіктері өте көп. Бұл ұжымның әншілері облыстық, республикалық, халықаралық ән шеберлік конкурстарының лауреаттары атанды, олар: «Веселый ветер» (Болгария), «Талисман удачи» (Турция), «Браво, дети» (Ресей),«Горное созвездие» (Словакия), «Бозторғай» және «Айгөлек» (Алматы). Концертте «Жас Даурен» вокал студиясының түлектері Сабина Ахметжанова және Ренат Исболов осы кештің жүргізушілері болғандықтан сахна мен көрермендер залында мерекелік көңіл-күй сезілді. «Анастасия» спорттық-би клубының жас әртістерінің би сүйемелдеуімен шыққан, Сейсембай Нұрсайнаның орындауындағы «Анашым» әні өте керемет орындалды. Ал Аби Әнель болса «Мен қазақтын қызымын» атты әнің шырқап берді, «Вдохновение» хореография ансамблі бимен көркемдеді. Көрермендерді әншілердің келесі керемет әндері тамсандырды: ұлдар квартеті («Астана» әні), «Жаңа әуен» вокал тобы («Мен жастарға сенемін» және «Птицы белые» әндерімен), «Бүлдірген» («Мир вам, люди!» әні), Сұлтанбек Еркежан («Тек алға» әнімен), Кульбаева Айдана («Туған жер» әнімен), Жұмабаева Айжан («Мечтай» әнімен), Мөлдір Нұрғалиева («Ізін көрем» әнімен), Мәдет Аружан («Япырай» әнімен), Нариман Ділназ («Жұмақ мекен» әнімен), «Амиго» дуэті («Купидон» және «Тәуелсіз елім»), Жании және Арайлым дуэті ( «Жаяу» әнімен), «Балдырған» тобы («Музыка» әнімен), «Нұр - Ерке» («Елім менің» әнімен), «Бүлдіршін» («Балалық шақ тамаша»). Мереке соныңда «Жас дәурен» әншілері «Атамекен» әнің орындады. Бұл студияда барлық балаларға ереше қамқорлық, мейірімділік, барлығы балаға деген махаббатпен жасалған, бұл дегеніміз – осы ұжымның жұлдыздары ереке жарқырайды – деді, ата-аналар комитетінің төрағасы Бексұлтанова Анар Марданқызы. Балалардың ұлағатты ұстаздарына мерекеде Баршагуль Каирбайқызы Ногаева мен Татьяне Владимировне Черниковаға алғыс сөздер айтылып жатты. Туған күніңмен «Жас Дәурен», 15 жыл бойы балаларды шығармашылық табыстарға жетелеп, өнер белестеріне шыға бер! Ән – өмір тұтқасының айнасы. Балалардың көз алдарынан түрлі түсті ашық бояулар ешқашан кетпей, ән мен күй оларға өмір бойы оларға серік болсын! |