Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12810271
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
7448
5749
30343
12574557
128724
375712
12810271

Сіздің IP: 3.145.152.98
Уақыт: 2024-04-19 23:42:53

«Жібек жолындағы» алтын кімге бұйырды

Радость первых побед Радость первых побед

Облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық би клубы, Астана қаласында 15-17 мамыр күні өткен «Silk Way – 2015ж» Халықаралық спорттық балдық би турнирінде керемет жеңіске жетті.

Ұлы Жібек жолы бойынша Қазақстан, Жапония, Корея, Өзбекстан, Қызғызстан, Ресей, Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің  озық  дәстүрлерін қамтып, дамытқан «Silk Way» (Жібек жолы) халықаралық фестивалі Қазақстандағы және әлемдік би қауымдастығында  би өнерін дамытудың алғашқы инновациялық жобасы болып табылады.

Танцует Анастасия Загорулько Танцует Анастасия Загорулько

Павлодарлық бишілер турнирдің барлық категориясына қатысып, барлық номинациясы бойынша жеңіске жетті. «Ювеналы-1» кіші жасөспірімдер категориясында Ислам Жагупаров - Лаурина Йеншке және Дамир Каирбеков - Мадина Бушумбаева,  I -ші орынға иеленіп, ерекше көзге түсті. «Соло - қыздар» атты номинациясы бойынша жеңімпаз атанғандар: Кристина Сайб, Амина Ахметова, Алина Нурмаханова және Настя Гарифуллина. Қыздардың әрбіреуі екі рет бірінші орынды ұтып алды.

Дмитрий Гузей - Дильнура Уахитова Дмитрий Гузей - Дильнура Уахитова

Ұлттық біріншілікте павлодарлық жұп Асанәлі Шоқпаров пен Кристина Корниенко жеңді. Олардың қоржынында   I-ші орын мен кубок бар.

«Юниоры-2. Стандартная программа» номинациясы бойынша Дмитрий Гузей -Дильнура Уахитова  I-ші орын мен кубокқа иеленді. «Евразия Сup» номинациясы бойынша Джахангир Мусинов пен Ксения Шевченко  финалисттер атанды. Оларға қомақты қаржы табысталды. Павлодарлық командаға есте қаларлық жеңіс болған, ұжымның жаттықтырушысы,балдық би бойынша ҚР чемпионы Анастасии Загорулько және оның астаналық серіктесі  7 мәрте ҚР чемпионы Даниил Макаровтың жеңісі. Олар II-ші орынды иеленді, «Евразия Сup» номинациясы бойынша Мәскеу, Грузия, Қарағанды, Орал қалаларынан келіп жарысқа түскен  жоғары мықты жұпқа жолдарын берді. Жақында бұл би жұбы, шақыру бойынша Германияда өтетін Халықаралық турнирге барады.

Награды Награды

Қазақстан мен біздің қаламыз үшін бұл елеулі жеңістер,  осы оқу жылында «Анастасия» спорттық би клубында өте көп болды. Бұл дегеніміз жетекшілері Виолетта Никитина мен Анастасия Загорульконың қажымас еңбектерінің арқасы.

Ислам Жагупаров - Лаурина Йеншке Ислам Жагупаров - Лаурина Йеншке

Түсініктемелер қосу