Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар13819174
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11899 12384 55077 13533469 250482 319704 13819174 Сіздің IP: 3.14.145.252
Уақыт: 2024-07-27 21:52:16
|
Жол көлік қозғалысы жас инспекторларының ХV облыстық слеті
2015 жылғы 14 мамырда облыстық М.Катаев атындағы оқушылар сарайында жол көлік қозғалысы жас инспекторларының ХV облыстық слеті өтті. Жол қозғалысы жас инспекторлары қызметінің негізгі міндеттері -балалар мен жасөспірімдердің арасында жол жүру ережелерін насихаттау, жолдарда балалар жарақатын жою. Қазіргі таңда жол көлік оқиғалар статистикасы бойынша, көбінесе, балалар жарақаттануының себебі - жол жүру ережелерініің сақталмауы немесе жүргізушінің алаңғасарлығы болып табылады. Слеттің облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңдер жеңімпаздары, жалпы білім беретін мектептердің жол көлігі қозғалысының жас инспекторларынан 12 жасақ қатысты. Жарыстар таңертең басталғаннан кешке дейін жалғасты. Жас инспекторлар үздік үгітбригада, жол қозғалысы жас инспекторларының білімпаздары, сап байқауында үздік команда атағына жарысты. Командалар өз формаларын дайындады, көріністерінің шынайылылығымен көзге түсті. Слет қорытындылары бойынша реттеушілер, санитарлар, эрудиттер және велосипедті мәнерлеп жүргізу бойынша үздіктер анықталды. Жол полициясының қызметкері, білім беру бөлімінің маманы және жол көлік қозғалысының жас инспекторлары қатысқан «Жолдардағы қауіпсіздік үшін бірге!» конкурсы көрермендер арасында үлкен қызығушылық танытты. Качиры ауданының жол көлігі қозғалысының жас инспекторларының командасы бірінші орынға ие болды, олар Қостанай қаласында шілде айында өтетін республикалық слетте Павлодар облысы атынан шығатын болады. Ақсу қаласының командасы ІІ орында, Павлодар ауданының командасы ІІІ орында. |