Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12809616
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6793
5749
29688
12574557
128069
375712
12809616

Сіздің IP: 18.226.93.207
Уақыт: 2024-04-19 21:31:41

Би тіліндегі әңгіме

Рассказ на языке танца Рассказ на языке танца

«Блейз» эстрадалық би студиясының есептік концерті 17 мамыр күні Оқушылар Сарайында өтті. Бұл ұжым облыс, республика көлемінде ғана емес, сонымен қатар  басқа да елдерде де танымал. Жас бишілер Рессей, Чехия, Словакия, Венгрия, Болгария, Испания, Түрік елдерінде өткен халықаралық конкурстарының жеңімпаздары.

2014 жылы «Блейз» би студиясы «Под солнцем Италии» атты Халықаралық конкурсында гран-приге ие болды. Концерт жиырма нөмірді қамтыды, бұл билер қалалық және облыстық бағдарламаларға енгізілген, павлодарлықтарға таныс қойылымдар болып табылады. «Қазақ биі», «Қарлығаштар», «Той бастар», «Топ-топ по паркету…» деп аталатын билер.

Әскери тақырыпқа арналған жоғары топтың орындауындағы «Я вернусь» атты би өте керемет болды, сонымен қатар «Дрессировщик» атты орта және кіші топтардың орындауындағы билері өте тамаша шықты. Александры Филипенко мен  Анастасии Шабалинаның жеке орындауындағы билері өте әсерлі, әрі көркем көрінді. Қыздар биыл мектеп түлектері, сондықтан өздерінің би ұжымдарымен қоштасады, бұл оқу ордасында олар жылдар бойы дәріс алды. Оқушылар Сарайының директоры Алма Жұмабайқызы оларға ерекше үлгідегі сарай құжатын «Түлектер дипломын» табыс етті. «Блейз» эстрадалық би студиясы көп жылдардан бері Любовь Васильевна Корнюхинаның жетекшілік етеді, осы жылдары ұстаз балаларға тек қана би өнерін үйретіп қоймай, өзіне шебер көмекшілер даярлады. Студия түлектері  Екатерина Павленко мен  Ирина Руденко жоғары оқу орындарын аяқтаған соң, хореограф болып осы ұжымға жұмыс істеуге оралды.

Түсініктемелер қосу