Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12646179
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1072
17782
105128
12290016
340344
367470
12646179

Сіздің IP: 18.232.88.17
Уақыт: 2024-03-29 02:01:07

«Кездескенше, «Тан Шолпан»!

«До встречи, «Тан Шолпан»! «До встречи, «Тан Шолпан»!

8 мамыр күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Таң Шолпан» Х республикалық конкурсының облыстық турының бірінші кезеңі өтті. Биылғы жылы жаңадан талант иелерін ашатын конкурста «Х Фактор» және  «Минута славы» атты шоу  жобаларына сәйкес ұйымдастырылды.

Қатысушылардың дауыстары көктем бұлағындай сыңғырлаған, ашық жарқын, әрі көңілді болды. Павлодар қаласы балалар жанұя үйінің тәрбиеленушілері "Мир без войны" атты өлеңімен Герауф Альбина конкурсты бастап, барлық жұртты тамсандырды, Қаламқас Есқалиева «Наурыз - көктем» әнін орындады, екі әнші қыздар дуэтпен "Туған жер» әнің шырқап берді.

Павлодар қаласы балалар жанұя үйінің тәрбиеленушісі Цалко Александр "Люди на планете" әнің орындаса, Чижевский Мичеслав "Қазақ елі" әнің орындап берді. Кенжекөл ауылы балалар жанұя үйінің тәрбиеленушісі Чижевская Милана «Жаса мәңгі, Қазақстан!" әнің орындады.

«До встречи, «Тан Шолпан»! «До встречи, «Тан Шолпан»!

Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілері Азнабаева Айнура, Кунаков Абай, Василенко Надежда, Балапанова Зарингуль және Аканов Даулетхан мемлекеттік тілде Қазақстан туралы әндерін орындап жатты.

"Үміт" балалар үйінің әншілері Вирт Татьяна, Сидыкова Карина, Попова Анастасия, Черемушникова Анастасия Қазақстан және ұлттар достығы туралы әндерін орындады.

Мемлекеттік тілде Шақат балалар үйінің әншілері Уралова Айжан мен Тлеукина Гүлжан Қазақстан туралы әдемі әндерін орындады. Ал Қалқаман балалар үйінің әншісі Мүрсәлім Мәдина қазақ және ағылшын тілдерінде ән орындады.

Песчан №2 ата анасының қамқорынсыз қалған жетім балалар мектеп интернатының әнші балалары Мануйленко Дарья, Жансеитова Дарина, Манаева Валерия, Кумабаев Бауыржан және Сарбасов Азамат қазылар алқасының көнілдерінен шығып жатты. Ал ең үлкен әншілер тобын құраған Қашыр балалар үйінің жас әншілері Лодочников Алексей, Полторак Долорес, Мухаметжанова Лаура, Газина Зарина, Лодочников Алексей, Флегонтов Руслан және Зейнекешев Мади болды.

«Таң Шолпан» Х республикалық конкурсы облыстық турының бірінші кезеңі аяқталған соң бірінші арнаның тілшісі Газиза Раимбек барлық қатысушыларға сертификаттар табыстады. Конкурсанттар ескерткішке суретке түсті. Біздің барлық жас таланттарға шығармашылық шабыт, табыс, үлкен белестер тілейміз.

Түсініктемелер қосу