Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16411759
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5628 20398 63735 16078164 92437 460667 16411759 Сіздің IP: 18.118.149.14
Уақыт: 2025-02-07 13:01:37
|
«Біз Жеңістің - ұрпағымыз!». Финал
22 сәуір күні М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған «Біз Жеңістің - ұрпағымыз!» атты сахыналық әскери әндерінің облыстық конкурсының финалы өтті. Финалда павлодарлық №22, 27, 40, 5, 4-ші жалпы орта білім беру мектептерінің командалары мен Май ауданының Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Қазылар алқасы құрамында: «Жас даурен» вокал студиясының концертмейстері Черникова Татьяна Владимировна, Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Ешимкулов Жақсыбек Махамагшкулович, және «Арман-шоу» театр-студиясының вокал бойынша педагогы Бекболатова Әйгерім Сакенқызы болды. Жас орындаушылардың шеберлігі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: актерлік шеберлік – мәнерлілік пен эмоционалдық сахналық қойылым; вокалдық шеберлік - сапасы, орындаудың реттілігі және сахналық іс-әрекет; бұқаралалық– орындаудың түпнұсқалығы, ән мазмұнының негізгі ойын жеткізе білу және сипатын айқындау; сценография – мәдениет және сахналық образ, сахналық костюмдерді және реквизиттерді пайдалану, тақырып пен регламентке сәйкес болу. Конкурстың қатысушылары әскери тақырыпқа арналған бір ән орындады. Қазылар алқасының шешімі бойынша I орынды №40 мектебінің командасы иеленді, II орынды №27 мектептің командасы иеленді, III орынды №4 мектептің командасы мен Май ауданының Оқушылар үйі бөліп алды. Жеңімпаз командалар дипломдар мен кубоктармен марапатталды. «Біз Жеңістің - ұрпағымыз!» атты сахыналық әскери әндерінің облыстық байқау-конкурсына белсенді қатысқан №№22 және 5 мектептердің командалары мадақтамалармен марапатталды. |