Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20631962
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6452 12349 6452 20361407 399640 381361 20631962 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-29 10:47:28
|
«Жас екпiн», сені құттықтаймыз!
Наурыз айынын 25-28 аралығында Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын тойлау шеңберінде Астанада «Аққөгершiн» балалар шығармашылығының IХ Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Сайысқа әртүрлі конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары атанған ең үздік балалар ұжымдары мен ансамбльдері, оркестрлері және әншілері шақырылды. Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті: вокал, ұлттық аспаптар, аспаптық орындау, хореография, балалар сәні, өзіндік жанр және көркем оқу. Осы сайысқа «Жас екпін» домбыра оркестрінің жас орындаушысы 16 жасар Дарига Рамазан қатысты. Дариға конкурсқа екі музыкалық шығарма дайындады, олар: Тәттімбеттің «Айдос» және Дина Нүрпейсованың «Науаи» деген күйлері. «Ұлттық аспаптар» номинациясы бойынша Дариға төртінші орынға иеленіп, ал оның ұстазы «Жас екпін» домбыра оркестрінің жетекшісі - Мади Батырханұлы Кенжеханов конкурс қатысушысын дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Қатысушылар үшін келесі экскурсиялар ұйымдастырылды: «Астана – Қазақстанның жүрегі», «Астана – үшінші мыңжылдықтың қаласы», «Астана Еуразия оралығының рухы», «Елдің атақты батырлары», «АЛЖИР – біздің ескерткішіміз бен қасіретіміз», «Құстар әлемінде». |














