Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15740674
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10171 15540 10171 15471449 395037 367126 15740674 Сіздің IP: 3.139.234.68
Уақыт: 2024-12-23 12:34:31
|
«Вдохновение» бар жерде, жеңіс те бар!
М.Катаев атындағы Павлодар Оқушылар сарайының «Вдохновение» би ансамблі Ресейден төрт жоғары марапат әкелді. «Будущее планеты» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының Халықаралық фестиваль-конкурсы наурыздың 24-нен 29-ы аралығында Санкт-Петербург қаласында болды. Ол өте аумақты және заманауи өнердің әр-түрлі бағыттары бойынша өткізілді. Бұнда Ресей Федерациясының 38 өңірінен ұжымдар қатысты. Біздің ұжым Қазақстанның жалғыз өкілі болды. Бұл сапарға 40 жас бишілер мен ансамблдің жетекшілері Галина Александровна Лапухина және Ирина Александровна Можейко аттанды. Жоғарғы жас ерекшелік топта «Вдохновение» ансамблі «Эстрадный танец» және «Народный танец» номинациялары бойынша екі рет бірінші орынға иеленді. Орта жас ерекшелік топта ансамбль «Народный танец» және «Народно- стилизованный танец» номинациясы бойынша екі рет екінші орынға қол жеткізді. Қазылар алқасы біздің ұжымның «джаз-модерн» стилінде қойылған хореографиялық қойылымына ерекше баға берді. Әртістердің сахнадағы қойылымдарын хореаграфияның келесі майталмандары бағалады, олар: Мариинский театрының танымал балет әншісі Лира Хусламова; Еуропа және Ресей елдерінде жұмыс жасайтын хореограф-қоюшы Дмитрий Пимонов; Евдокия Тарасова – Ресейдің костюмдер бойынша атақты театр суретшісі. Конкурс шеңберінде олар қатысушыларға шебер-сыныптар өткізді. Балаларға фестивальдің мәдени бағдарламасы есте қалды: олар Санкт-Петербург қаласы бойынша шолу экскурсиясында, Царское селосында, бірнеше мұражайларда, океанариумда және көптеген қызықты жерлерде болып қайтты. |