Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17650719
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6643 13894 62369 17356200 102198 468472 17650719 Сіздің IP: 18.223.114.251
Уақыт: 2025-05-09 14:11:28
|
Жаңа жұлдыздар
«Жаңа жұлдыз -2015» вокал шеберлігінің облыстық конкурсы аяқталды. 30-шы наурыз күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау, гала-концерт пен финалдық туры өтті. Бұл конкурсқа мектептен тыс ұйымдардың тәрбиеленушілері, облыстың жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, қалалық және аудандық вокал конкурс жеңімпаздары қатысты. Олар мына номинациялар бойынша бәйгеге түсті: солисттер, дуэттер, триолар, вокалдық ансамбльдер. Кіші жас санатындағы топтарға 9-дан 12 жастағы балалар, ал орта жас санатындағы топтарға 13-тен 15 жастағы балалар кірді. Әр қатысушы екі әннен ұсынды. Конкурстың финалында Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан, Ақтоғай, Баянауыл, Қашыр, Ертіс, Екібастұз, Май аудандарынан мектеп оқушылары қатысты, барлығы - 26 адам. Жас конкурсанттар әртістік қабілеттері мен орындау шеберліктерімен қоса, репертуардың күрделігі мен әртүрлілігін көрсету керек болды. Қазылар алқасының құрамында павлодарлық атақты музыканттар, продюсерлер, вокал пәнінің педагогтары болды. Жеңімпаз атанғандар: 1 орын: Алуа Терлікбаева, Павлодар қ; 2 орын: Сюзанна Овсепян, Екібастұз қ; 3 орын: Үздік әскери әнге: Үздік костюмге: «Достар» триосы, Екібастұз қ. «Белсенді қатысқаны үшін» диплом: Барлық жеңімпаздар диплом мен сыйлықтарға ие болды, ал ең басты жүлде гран-при мамыр айында өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпақтардың мәңгілік естелігі» атты гала-фестивалінде салтанатты түрде кейін табысталады. |