Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16412002
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5871 20398 63978 16078164 92680 460667 16412002 Сіздің IP: 3.143.7.232
Уақыт: 2025-02-07 13:17:09
|
Шын жүректен
М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы мүмкіндігі шектеулі балалармен үлкен жұмыс жүргізеді. Мұндай балалар басқа балалармен қатар үйірмелерге, секцияларға, клубтарға қатысады. Сарайда ауыратын балаларға арналған қайырымдылық концерттер өтеді, облыстың балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне педагогтер кездесулер ұйымдастырып, кішкентай қонақтарды планетарийға, көрмелерге шақырады. Биылғы жылы қайырымдылық іс-шаралардың бірнеше топтамасы жоспарланған, соның ішінде–мейірімді істердің Апталығы,мейірімділік марафоны және т.б. 13 ақпанда Оқушылар сарайының көркемдік ұжымдары есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына «Мейірімді жүрек» атты қайырымды концертпен барып қайтты. Концерттік бағдарламасында «Жас дәурен» вокал студиясының әншілері және «Вдохновение» би үлгілі ансамблі болды. Әсіресе көрермендердің көңілінен шыққан «Коряк» және «Үнді»билері. Мектеп-интернаты тәрбиеленушілерімен қатынас көбінесе сурдоаударма арқылы болса да, бәрін сөзсіз де түсінуге болатын жағдай орнатылды. Би өнері–жүректің үні деп тегін айтылмаған болар. Оқушылар Сарайы мен интернат арасында көптен бері достық қатынас орын алған. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған интернаттың әртістері Оқушылар сарайының сахнасында бірнеше мәрте өнерлерін көрсетіп үлгерген. Осы жолы да интернат әкімшілігінің және тәрбиеленушілерінің іс-шараны ұйымдастырып өткізген көркемдік бөлімінің педагог-ұйымдастырушылары К.К.Досымхановаға және Б.С. Беккожинаға ризашылықтары шексіз болды. |