Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

16415396
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9265
20398
67372
16078164
96074
460667
16415396

Сіздің IP: 18.220.88.120
Уақыт: 2025-02-07 17:47:44

Шын жүректен

На языке сердца На языке сердца

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы мүмкіндігі шектеулі балалармен үлкен жұмыс жүргізеді. Мұндай балалар басқа балалармен қатар үйірмелерге, секцияларға, клубтарға қатысады. Сарайда ауыратын балаларға арналған қайырымдылық концерттер өтеді, облыстың балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне педагогтер кездесулер ұйымдастырып, кішкентай қонақтарды планетарийға, көрмелерге шақырады.

На языке сердца На языке сердца

Биылғы жылы қайырымдылық іс-шаралардың бірнеше топтамасы жоспарланған, соның ішінде–мейірімді істердің Апталығы,мейірімділік марафоны және т.б. 13 ақпанда Оқушылар сарайының көркемдік ұжымдары есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына «Мейірімді жүрек» атты қайырымды концертпен барып қайтты. Концерттік бағдарламасында «Жас дәурен» вокал студиясының әншілері және «Вдохновение» би үлгілі ансамблі болды. Әсіресе көрермендердің көңілінен шыққан  «Коряк» және «Үнді»билері. Мектеп-интернаты тәрбиеленушілерімен қатынас көбінесе сурдоаударма  арқылы болса да, бәрін сөзсіз де түсінуге болатын жағдай орнатылды. Би өнері–жүректің үні деп тегін айтылмаған болар.

На языке сердца На языке сердца

Оқушылар Сарайы мен интернат арасында көптен бері достық қатынас орын алған. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған интернаттың әртістері Оқушылар сарайының сахнасында бірнеше мәрте өнерлерін көрсетіп үлгерген. Осы жолы да интернат әкімшілігінің және тәрбиеленушілерінің  іс-шараны ұйымдастырып өткізген көркемдік бөлімінің педагог-ұйымдастырушылары К.К.Досымхановаға және Б.С. Беккожинаға  ризашылықтары шексіз болды.

Түсініктемелер қосу