Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

22079862
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4687
11168
36313
21814478
231793
343241
22079862

Сіздің IP: 216.73.216.142
Уақыт: 2026-04-23 13:50:18

«Дискавериде» - біздің Сарайдың балалары

 «Дискавериде» - біздің Сарайдың балалары «Дискавериде» - біздің Сарайдың балалары

Жуырда  Павлодар облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубының балалары Щучинск қаласынан оралды. Олар қысқы каникул кезінде спорттық-балды билер бойынша оқу-жаттықтыру жиынға қатысқан болатын. Қазақстан Ұлттық  би кеңесі ұйымдастырған  жиын 2015 жылғы қаңтардың 6-нан 11-не дейін өзінің сұлулығымен таңғалдырған Бұрабай курортында орналасқан  «Дискавери» балалар лагерінде өткізілді.

Семинарда Ресей мен Украинадан келген атақты дәріскерлер спорттық –балды билер бойынша  сөз сөйледі, сабақтан кейін балаларды шипалы таулы ауада белсенді демалыс түрлері күтіп тұрды: жүзуге арналған бассейн, таудан шаңғымен сырғанау және коньки.

 «Дискавериде» - біздің Сарайдың балалары «Дискавериде» - біздің Сарайдың балалары

 

Семинар аяқталғаннан кейін жұмыс турниры өткізілді. «Анастасия»клубының тәрбиеленушілері бірінші орынға ие болды.Олардың қатарында: Дамир Қаирбеков, Лаурина Йеншке, Ислам  Жагупаров, ӘділетЖумангалиев, София Капустина және Кира Пименова болды.Бұл дарынды ұжымды жетекшілік ететін жоғары санаттағы педагог Виолетта Александровна Никитина.

Балалар нағыз сертификаттарды және естелік жүлделерді иеленді. Боровойдағы қысқы демалыс барлық балалардың естерінде қалатын болды.

Түсініктемелер қосу