Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16866204
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4081 10587 30000 16552411 212649 334233 16866204 Сіздің IP: 3.145.120.18
Уақыт: 2025-03-13 05:53:07
|
«Дискавериде» - біздің Сарайдың балалары
Жуырда Павлодар облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубының балалары Щучинск қаласынан оралды. Олар қысқы каникул кезінде спорттық-балды билер бойынша оқу-жаттықтыру жиынға қатысқан болатын. Қазақстан Ұлттық би кеңесі ұйымдастырған жиын 2015 жылғы қаңтардың 6-нан 11-не дейін өзінің сұлулығымен таңғалдырған Бұрабай курортында орналасқан «Дискавери» балалар лагерінде өткізілді. Семинарда Ресей мен Украинадан келген атақты дәріскерлер спорттық –балды билер бойынша сөз сөйледі, сабақтан кейін балаларды шипалы таулы ауада белсенді демалыс түрлері күтіп тұрды: жүзуге арналған бассейн, таудан шаңғымен сырғанау және коньки.
Семинар аяқталғаннан кейін жұмыс турниры өткізілді. «Анастасия»клубының тәрбиеленушілері бірінші орынға ие болды.Олардың қатарында: Дамир Қаирбеков, Лаурина Йеншке, Ислам Жагупаров, ӘділетЖумангалиев, София Капустина және Кира Пименова болды.Бұл дарынды ұжымды жетекшілік ететін жоғары санаттағы педагог Виолетта Александровна Никитина. Балалар нағыз сертификаттарды және естелік жүлделерді иеленді. Боровойдағы қысқы демалыс барлық балалардың естерінде қалатын болды. |