Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24583245
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8143
20795
56559
24318214
367165
527623
24583245

Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 10:34:22

Жасыл шырша жанында

Жасыл шырша жанында Жасыл шырша жанында

27, 28 желтоқсан күндері М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының үлкен залында «Білімпаз»эстетикалық тәрбие беру студиясының тәрбиеленушілеріне арналған «Қош келдің, Жаңа 2015 жыл» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған болатын.

Балалар шырша мерекесіне үлкен дайындықпен келіпті.Әр түрлі кейіпкерлердің жаңажылдық костюмдері,Аяз ата мен Ақшақарға арналған өлең жырлары – бәрі бірінен бірі асып, көздің жауын алды. Бүлдіршіндер қызықты да тартымды қойылымды  тамашалап, жасыл шырша жанында ән салып, би билеп,ойындар ойнады. Қойылымның кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар, Тұлпар, Жалмауыз кемпiр, Ғарыш адам, Ғарышқыз, Самұрық,  Жұлдызхан, екі Батыр, Қошақан болды.

Жасыл шырша жанында Жасыл шырша жанында

Олар өздеріне тапсырылған рөлдеріне үлкен жауапкершілікпен қарап,  жақсы орындап шықты. Балалар  өздерін сиқырлы ертегінің ішінде жүргендей сезінді. Аяз Ата мен Ақшақар қонақтарға шыққанда балалардың қуанышында шек болған жоқ. Әдеттегідей «Жасыл шырша, шамдарынды жақ, жарқылда» деген бүлдіршіндердің үшінші сиқырлы өтінішінен кейін үлкен шырша мыңдаған түрлі-түсті отпен жарқ етті. Балаларға да, ата-аналарға да жаңажылдық қойылым ұнап, көңілдерінен шықты, қатысушыларды үлкен қуанышқа бөледі. Бүлдіршіндерге Аяз Ата өздері көптен күткен сыйлықтарын табыс етті. Бұл мерекені «Білімпаз»тәрбиеленушілері әлі бірнеше мәрте естеріне түсірері сөзсіз.

Комментарии   

#1 Султангалиева Кунсул 20.12.2015 09:19
Жасыл шырша жанында атты сценариді қарайын деп едім
Цитировать

Түсініктемелер қосу