Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16383628
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13583 16625 35604 16078164 64306 460667 16383628 Сіздің IP: 3.138.142.146
Уақыт: 2025-02-05 20:53:41
|
«Мир. Искусство и Море» атты халықаралық балалар мен жасөспірімдердің фестивалі өткізілді
2014 жылдың 6-19 маусымы аралығында Болгарияның Варна қаласында «Мир. Искусство и Море» атты халықаралық балалар мен жасөспірімдердің фестивалі өткізілді. Оған Қазақстан, Украина, Молдова, Беларуссия, Болгария секілді қалалардан барлығы 200-ге жуық сайыскерлер қатысты. Біздің Қазақстанды Павлодар қаласы облыстық Оқушылар сарайының «Дебют» авторлық студиясының тәрбиешілері танытты. Жетекшісі Қазақстан композиторлары кеңесінің мүшесі Эльвира Лютровник, аккомпаниатор – Динара Капарова. «Дебют» авторлық студиясының «Баурсак» кіші тобы «Доктор Ай» және «Баурсак» атты авторлық әндерді орындап І орын алды. Студияның солисті Ромась Екатерина да «Песенка про папу» деген және «Привет фестиваль» атты авторлық әнді орындап І орынды иеленді. «Привет, фестиваль» әні фестивальдің ашылуында орындалды. «Дебют» авторлық студиясының жетекшісі Э.Лютровник та үздік авторлық ән номинациясында І орынмен марапатталды. Біз «Дебют» авторлық студиясының ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз. Сіздерді «Дебют» авторлық студиясы ұжымымен кездесуге шақырамыз. Бұл кездесуде балалармен өздеріңіз сұхбаттасып, олардың жеңісі және фестиваль туралы пікірлерін тыңдай аласыздар. |