Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24689585
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
18229
21605
18229
24448750
97698
375807
24689585

Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:35:02

ӘУЕНМЕН ӨРІЛГЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

 

МУЗЫКА, КОТОРАЯ ОБЪЕДИНЯЕТ ПОКОЛЕНИЯ МУЗЫКА, КОТОРАЯ ОБЪЕДИНЯЕТ ПОКОЛЕНИЯ
МУЗЫКА, КОТОРАЯ ОБЪЕДИНЯЕТ ПОКОЛЕНИЯ МУЗЫКА, КОТОРАЯ ОБЪЕДИНЯЕТ ПОКОЛЕНИЯ

2026 жылғы 29 қазанда М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында отбасылық шығармашылықты дамытуға, ұлттық және мәдени дәстүрлерді сақтауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, сондай-ақ балалар мен ата-аналардың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған «Музыкалық жанұя» отбасылық ансамбльдерінің облыстық музыкалық байқауы өтті.

МУЗЫКА, КОТОРАЯ ОБЪЕДИНЯЕТ ПОКОЛЕНИЯ МУЗЫКА, КОТОРАЯ ОБЪЕДИНЯЕТ ПОКОЛЕНИЯ 

Байқауға Павлодар қаласынан, Павлодар облысының қалалары мен аудандарынан 40 отбасылық ұжым қатысты. Қатысушылар музыкалық және хореографиялық өнердің әртүрлі бағыттары бойынша өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды: аспаптық орындаушылық, вокальды-аспаптық және вокальдық өнер, халық шығармашылығы және хореография.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Облыстық байқауға белсене қатысқаны үшін келесі отбасылық ұжымдар сертификаттармен марапатталды:
•    «Аура» дуэті — Южаковтар отбасы, Павлодар қ.;
•    «Эхо любви» дуэті — Барамбаевтар отбасы, Павлодар қ.;
•    «Назқоңыр» триосы — Нұғмановтар отбасы, Павлодар қ.;
•    «Сенім» дуэті — Қаден отбасы, Ақсу қ.;
•    «Унисон» дуэті — Кеңесбаевтар отбасы, Павлодар қ., №27 ЖОББМ;
•    «Әуенді шаңырақ» дуэті — Шойынбаевтар отбасы, Павлодар қ., Қ. Бекқожин атындағы ЖОББМ;
•    «Мамины звезды» дуэті — Мельниковтар отбасы, Павлодар қ.
Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша дипломдар табыс етілді:
•    «Аранжировканың ерекшелігі үшін» — Сотниковтар отбасы;
•    «Отбасылық ансамбльдің өзіндік құрамы үшін» — Ибрагимовтар отбасы, Баянауыл ауданы;
•    «Байқаудың ең жас қатысушысы» — Қожымовтар отбасы, Шарбақты ауданы;
•    «Ең тату отбасы» — «Шаттық» тобы, Мұқановтар отбасы, Павлодар қ.;
•    «Әнші отбасы» — «Әуез» дуэті, Жанат отбасы, Павлодар қ.;
•    «Ең егде жастағы қатысушы» — «Гиля Ромэн» ансамблі, Александровтар отбасы;
•    «Отбасылық дәстүрлерді белсенді насихаттаушы» — «Созвучие» дуэті, Горбиковтар отбасы.
Салтанатты рәсім аясында аспаптық ансамбль, вокальды-аспаптық ансамбль, халық шығармашылығы, вокальдық ансамбль және би ансамблі номинациялары бойынша III, II және I дәрежелі дипломдар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
•    «Аспаптық ансамбль» номинациясында — «Әуенді шаңырақ» триосы (Кенжехановтар отбасы) және Қайырбековтер отбасы, Павлодар қ.;
•    «Вокальды-аспаптық ансамбль» номинациясында — «Отбасы сазы» триосы (Хима отбасы), Павлодар қ.;
•    «Халық шығармашылығы» номинациясында — Олжабай отбасы, Май ауданы, «Бір шаңырақ — бір әуен» ұжымы;
•    «Вокальдық ансамбль» номинациясында — Ботагөзовтер мен Әубәкіровтер отбасылары, Павлодар қ., сондай-ақ «Матай әулеті» ансамблі (Матай отбасы), Баянауыл ауданы;
•    «Вокальды-аспаптық ансамбль» номинациясында — Асқаусовтар отбасы, Павлодар қ.;
•    «Би ансамблі» номинациясында — Булич отбасы, Павлодар қ.;
•    «Би ансамблі» номинациясында — «Достық» дуэті (Раманқұловтар отбасы), Павлодар ауданы.
II дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
•    «Аспаптық ансамбль» номинациясында — «Асыл қыздар» дуэті (Борщевскийлер отбасы) және «Сарын» триосы (Байбұсыновтар отбасы), Павлодар қ.;
•    «Вокальды-аспаптық ансамбль» номинациясында — «Сазды дуэт» (Несіпбаевтар отбасы), Қамзиндер отбасы (Ақтоғай балалар өнер мектебі) және «Үндестік» дуэті (Нұркен отбасы), Павлодар қ.;
•    «Халық шығармашылығы» номинациясында — «Гиля Ромэн» ансамблі (Александровтар отбасы), Павлодар қ.;
•    «Вокальдық ансамбль» номинациясында — халық әндері ансамблі (Бабкиндер отбасы), Ақсу қ., және «Ахметжановтар» ансамблі (Ахметжановтар отбасы), Павлодар қ.;
•    «Би ансамблі» номинациясында — Ғимазетдиновтер отбасы, Павлодар қ., және «Жасқайрат әулеті» ансамблі (Жасқайрат отбасы), Баянауыл ауданы;
•    «Вокальды-аспаптық ансамбль» номинациясында — Ноғаевтар отбасы, Павлодар қ.;
•    «Би ансамблі» номинациясында — Лапухиндер отбасы, Павлодар қ.
I дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
•    «Аспаптық ансамбль» номинациясында — Серік отбасы, Павлодар қ.;
•    «Вокальды-аспаптық ансамбль» номинациясында — Файзулла отбасы, Железин ауданы;
•    «Халық шығармашылығы» номинациясында — Сәрсебековтер отбасының дуэті, Павлодар қ.;
•    «Вокальдық ансамбль» номинациясында — «Лира» дуэті (Погодиндер отбасы), Павлодар қ.;
•    «Би ансамблі» номинациясында — «Смайл» ансамблі (Усмановтар отбасы), Шарбақты ауданы.
«Музыкалық жанұя» облыстық байқауының Гран-при иегері — «Асыл мұра» дуэті — Садықовтар отбасы (Садықов Жангелді Амангелдіұлы және Амангелді Иманжүсіп Жангелдіұлы), Павлодар қ.
«Музыкалық жанұя» облыстық байқауын өткізу отбасы институтын нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын дамытуға, отбасылық шығармашылықты дәріптеуге және ұлттық әрі мәдени дәстүрлерге құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететін атаулы оқиға болды.
Байқау бірлескен шығармашылықтың ұрпақтарды біріктіретінін, отбасы мүшелерінің талантын ашатынын және өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға септігін тигізетінін көрсетті.

 

Түсініктемелер қосу