Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

19574790
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
7381
15221
22602
19264172
218825
378960
19574790

Сіздің IP: 216.73.216.189
Уақыт: 2025-10-14 11:21:45

«Театрдың ғажайып әлемі» фестивалі: жас сахна шеберлерінің мерекесі

Фестиваль «Театрдың ғажайып әлемі»: праздник юных талантов Фестиваль «Театрдың ғажайып әлемі»: праздник юных талантов
Фестиваль «Театрдың ғажайып әлемі»: праздник юных талантов Фестиваль «Театрдың ғажайып әлемі»: праздник юных талантов

9 қыркүйек күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық деңгейде Республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» атты фестиваль-байқауы қашықтан өтті.

Фестиваль «Театрдың ғажайып әлемі»: праздник юных талантов Фестиваль «Театрдың ғажайып әлемі»: праздник юных талантов 

Өнер додасына облыстың түкпір-түкпірінен келген 21 театр ұжымы қатысып, өздерінің шығармашылық ізденістерін көпшілікке ұсынды.
Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің театр өнеріне деген қызығушылығын қолдау, сахналық мәдениет арқылы олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту, жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуына ықпал ету.
Қатысушылар 8 бен 17 жас аралығындағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары болды. Байқау бірнеше номинациялар бойынша өтті: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ спектаклі». Әр ұжым қазақ немесе орыс тілінде сахналық қойылымнан үзінді немесе әдеби шығарманы инсценировка түрінде ұсынды.
Нәтижелер:
•    Гран-при – Павлодар қаласындағы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Арлекино» театралдық студиясына («Музыкалық спектакль» номинациясы).
Драмалық спектакль:
1 орын – «Театр ғажайыптары», Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты;
2 орын – «Маска» студиясы, «Қайнар» ОДК, Екібастұз қаласы;
3 орын – «Тамшы» театры, Зейтін Ақышев атындағы мектеп.
Музыкалық спектакль:
1 орын – «Домовята» театралдық ұжымы, С. Торайғыров атындағы мектеп, Павлодар қаласы;
2 орын – «Қаламгер» студиясы, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы;
3 орын – шығармашылық студия «Амплуа».
Әдеби-музыкалық композиция:
1 орын – «Достық» театры, Ақсу қаласының мектеп-лицейі;
2 орын – «Арман» театры, М. Әуезов атындағы ЖОББМ, Майқайың кенті;
3 орын – «Сөз өнері» әдеби үйірмесі.
Қуыршақ спектаклі:
1 орын – «Ертегілер әлемінде» қуыршақ театры, Аққулы ауданының Жамбыл мектебі;
2 орын – «Овация» театры, Павлодар қаласындағы №27 мектеп;
3 орын – «Оптимист» қуыршақ театры, Тереңкөл ауданы Песчансанск №1 мектебі.
Арнайы жүлделер:
•«Үздік жас актриса» – Дюсенғазы Айзере;
•«Үздік жас актер» – Хорев Никита;
•«Үздік актерлік бейне» – «ЖасStar» театры, Ертіс ауданы №4 мектеп;
•«Көркем сөз» – Аипова Інжу, «Қаламгер» студиясы, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы
Фестивальдің барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар барлық театр жетекшілеріне, педагогтарға, ата-аналарға балалардың шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.
«Театрдың ғажайып әлемі» фестивалі сахналық өнердің жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына зор үлес қосатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Түсініктемелер қосу