Оқушылар сарайында "Mega Dance - 2025" жобасы аясында "BI BILE" би фестиваль-байқауы өтті
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Танцевальный фестиваль-конкурс «BI BILE» в рамках проекта «Mega Dance - 2025» прошел во Дворце школьников
|
Танцевальный фестиваль-конкурс «BI BILE» в рамках проекта «Mega Dance - 2025» прошел во Дворце школьников
|
2025 жылғы 28 наурызда Оқушылар сарайында "Mega Dance - 2025" жобасы аясында облыстық "BI BILE" би фестиваль-байқауы өтті. Бұл шара облыстағы балалар мен жасөспірімдер арасында хореографиялық өнердің дамуына үлкен үлес қосты, жаңа таланттарды анықтауға және шығармашылық әлеуетті ынталандыруға арналған алаңға айналды.

"BI BILE" фестиваль-байқауының басты мақсаты – оқушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Сонымен қатар, жастарды рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу, би өнері арқылы үйлесімді тұлға тәрбиелеу де негізгі міндеттердің бірі болды. Байқау балалардың жүйелі әрі мақсатты дамуына бағытталған, бұл олардың тәрбиесі мен әлеуметтенуіне оң әсер етеді.
Фестивальге 5 пен 12 жас аралығындағы 300-ден астам бала қатысты. Олар облыстың мектепке дейінгі мекемелерінен, мектептен тыс ұйымдарынан және жалпы білім беретін мектептерінен келген би ұжымдарының атынан өнер көрсетті. Барлық қатысушылар – аймақтық кезеңдердің жеңімпаздары.
Байқау екі негізгі номинация бойынша өтті: Хореографиялық қойылым: заманауи және эстрадалық би. Халық биі және халық стиліндегі би: әлем халықтарының билері.
Фестивальге 31 би ұжымы қатысып, хореографиялық бағыттардың кең ауқымын көрсетті. Қатысушылар жоғары орындаушылық шеберлікпен қатар, эмоциялық мәнерлілікті және ұжымдық жұмысты үйлесімді атқара білу қабілеттерін де паш етті. Бұл ұйымдастырушыларға ең үздік орындаушылар мен хореографиялық ұжымдарды анықтауға мүмкіндік берді.
Әрбір өнер көрсету кәсіби хореографтар, мәдени мекемелердің өкілдері және би оқытушылары кірген қазылар алқасымен бағаланды. Ерекше назар қойылымдардың түпнұсқалылығына, орындаушылық техникаға, музыкалық материал мен костюмдерді таңдаудағы шығармашылық көзқарасқа аударылды.
Байқау қорытындылары бойынша:
Қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталған би ұжымдары:
1. «Жалын» би ұжымы – Аққулы ауданы, Малыбай орта жалпы білім беру мектебі – «Ретро» биі;
2. «Ассорти» би ұжымы – Тереңкөл ауданы, Оқушылар үйі – «Көбелектер биі»;
3. «Би Әлемі» би ұжымы – Павлодар қаласы, №11 орта жалпы білім беру мектебі – «Көктемгі твист» биі;
4. «Болашақ» би ұжымы – Аққулы ауданы, Малыбай орта жалпы білім беру мектебі – заманауи би;
5. «Нұр би» би ұжымы – Аққулы ауданы, Шарбақты орта жалпы білім беру мектебі – «Миньондар» биі;
6. «Көркем» хореографиялық ұжымы – Павлодар қаласы, М. Әлімбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі – «Crazy Frogs» би қойылымы;
7. «Көркем» хореографиялық ұжымы – Павлодар қаласы, М. Әлімбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі – «Көңілді күн» би қойылымы;
8. «Нұр би» би ұжымы – Аққулы ауданы, Шарбақты орта жалпы білім беру мектебі – «Гарри Поттер» биі;
9. «Шаттық» би ұжымы – Павлодар қаласы, Б. Момышұлы атындағы орта жалпы білім беру мектебі – «Cool girls» биі;
10. «Эсма» би ұжымы – Павлодар ауданы, Жаңақала негізгі мектебі – халықтық-стильдендірілген би;
11. «Грация» би ұжымы – Май ауданы, аудандық Оқушылар үйі – «Елігай» биі;
12. «Жұлдыз» би ұжымы – Ақтоғай ауданы, Ақтоғай балалар өнер мектебі – «Қылықты қыздар» биі;
13. «Кербез» би ұжымы – Аққулы ауданы, Б. Уахатов атындағы орта жалпы білім беру мектебі – қазақтың стильдендірілген биі;
14. «Таншолпан» би ұжымы – Екібастұз қаласы, №24 гимназия мектебі – орыс халық биі «Пляска»;
15. «Шабыт» би ұжымы – Павлодар ауданы, Жаңақала негізгі мектебі – халық биі;
16. «Элеганс» би ансамблі – Ақтоғай ауданы, М. Қайырбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі – қазақ халық биі;
17. «Шабыт» би ұжымы – Аққулы ауданы, Ямышев орта жалпы білім беру мектебі – испан биі.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздар:
III орын:
"Көркем" би ұжымы (М.Алимбаев атындағы ЖОББМ, Павлодар) – "Көңілді гномдар";
II орын:
"Вдохновение" ансамблі (М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы) – "Лаванда көңіл күйі";
I орын:
"Вдохновение" ансамблі (М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы) – "Перепёлка";
Гран-при:
"Көркем" би ұжымы (М.Алимбаев атындағы ЖОББМ, Павлодар) – "Мереке".
"BI BILE" – бұл жай ғана байқау емес, сонымен қатар қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, шеберліктерін көрсетуге және лайықты марапаттарға ие болуға мүмкіндік беретін шығармашылық мереке. Мұндай фестиваль жаңа буын әртістері мен хореография мамандарын тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Түсініктемелер қосу