«Күй шебері - 2025» облыстық байқауы Оқушылар сарайында өтті
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Областной конкурс «Күй шебері - 2025» прошел во Дворце школьников
|
Областной конкурс «Күй шебері - 2025» прошел во Дворце школьников
|
25 ақпанда Оқушылар сарайында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас күйшілердің облыстық «Күй шебері» байқауы өтті.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жас аралығындағы орта және жоғары сынып оқушылары, аудандық және қалалық домбыра байқауларының жүлдегерлері арасынан 24 қатысушы өз өнерлерін көрсетті.
Қатысушылар шертілмелі және төкпелі стильдегі бір-бір күйден орындап, өз шеберліктерін ортаға салды.
Байқаудың басты мақсаты – дарынды балаларды анықтау, халық өнерін насихаттау, өскелең ұрпақтың қазақ мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ эстетикалық тәрбие беру болды.
Байқау жоғары деңгейде өтті, қатысушылар домбырада орындау шеберліктерін, қазақ музыкасына деген терең түсінігі мен құрметін айқын көрсетті. Байқаудың қазылар алқасы құрамына тәжірибелі күйшілер мен ұстаздар еніп, олардың орындаушылық шеберлігін, техникалық қабілеттерін және эмоционалдық тереңдігін жоғары бағалады.
Қатысушылардың дәстүрлі шығармаларды өзіндік ерекшелікпен ұсыну тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінді. Әрбір жас күйші орындаған шығармасына өз жанын салып, шығармашылық тұрғыдан ерекше көзқарас танытты. Осылайша, байқау қазақ музыкалық өнерінің шынайы мерекесіне айналды.
Байқау қорытындылары:
3 орын жеңімпаздары
Сәмет Салих - Аққулы ауданының білім бөлімінің «Өнер мектебінің» оқушысы
Есенгелді Жасмин - Павлодар қаласының №3 дарынды балаларға арналган гимназия мектебінің оқушысы
Қаир Айзере - «Жігер» балалар –жасөспірімдер клубының оқушысы
Мусай Күнсұлу - Ямышев жалпы орта білім беру мектебі оқушысы
Нурбаева Диляра - Ақсу қаласының Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы
Мусай Күнсұлу - Ямышев жалпы орта білім беру мектебі оқушысы
Сартаева Алия - Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебінің» оқушысы
Рсалиева Айым - Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебі
Абраев Рахман - Оқушылар сарайының «Жас екпін» домбра ансаблінің оқушысы
Борщевская Елизавета - Павлодар қаласының №3 дарынды балаларға арналган гимназия мектебінің оқушысы
Жанас Аружан - Оқушылар сарайының «Жас екпін» домбра ансаблінің оқушысы
2 орын жеңімпаздары
Нуржанов Санжар «Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінің» оқушысы
Мороз Александра М.Ауэзов ат. жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы
Бейсенхан Толғанай Павлодар қаласының «Облыстық көпсалалы дарынды балаларға лицей-интернатының» оқушысы
Журсунова Акбота Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы
Қабылбек Мұқамедия Ақтоғай ауданының Ақтоғай балалар өнер мектебінің оқушысы
Қаиргелді Нұрәли Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебінің» оқушысы
Хамзин Ерасыл «М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының» «Мұрагер» домбра уйірмесінің оқушысы
Рахимбек Бауыржан -«Павлодар қаласының Ә.Бөкейхан мептеп-лицейінің оқушысы
1 орын жеңімпаздары
Булатбаев Асфандияр Ақтоғай ауданының
Ақтоғай балалар өнер мектебінің оқушысы
Алтай Ақбота Павлодар қаласының Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы
Қылышбек Мейірбек «М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының» «Мұрагер» домбра уйірмесінің оқушысы
Макина Айлана Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы
Сертификами за участие награждены:
-Қайрат Бисамал Успен ауданының Белоусов жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы
-Асанали Токен Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы
Түсініктемелер қосу