Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23615368
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5861 15430 36467 23254078 506794 322822 23615368 Сіздің IP: 216.73.216.156
Уақыт: 2026-08-26 09:38:40
|
Оқушылар сарайында «Қазақ елі» атты апталық өтті
Оқушылар сарайында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында елімізге деген патриоттық сезімді қалыптастырып, туған жерге деген мақтаныш сезімін нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы орайда, 22-31 қаңтар аралығында "Қазақ елі" атты апталық ұйымдастырылып, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және рухани мұраны бағалауға баулитын мазмұнды шаралар өтті.
Апталықтың ашылуын "Білімпаз" эстетикалық дамыту және тәрбие беру бөлімінің кішкентай бүлдіршіндері бастап, туған жер туралы өлеңдерін оқыды. Шара барысында қала мектептерінің оқушылары үшін "ОТАН – Үлкен жанұя", "Ұлы дала елі" квест-ойындары, "Көшпелі рухтың құндылықтары" этно-мәдени шеберлік алаңдары, ұлттық ойындар, қазақтың ұлттық киімдері дефилесі, "Туым менің ансаған" флешмобы ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды ұлттық мәдениетпен терең танысуға жетеледі.
|















