Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

17480064
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
14853
43066
112970
17154813
400015
426494
17480064

Сіздің IP: 3.143.255.34
Уақыт: 2025-04-25 14:33:25

«Музықалық жанұя» фестивалі

Фестиваль «Музыкальная семья» Фестиваль «Музыкальная семья»
Фестиваль «Музыкальная семья» Фестиваль «Музыкальная семья»

12 қараша күні М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында отбасылық ансамбльдердің «Музыкалық жанұя» атты байқауы өтті. Павлодар облысы Білім беру басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Фестиваль «Музыкальная семья»  Фестиваль «Музыкальная семья»  

Фестиваль «Музыкальная семья»  Фестиваль «Музыкальная семья»

Фестиваль «Музыкальная семья»  Фестиваль «Музыкальная семья»

Байқау аймақтағы шығармашыл отбасыларды бір шаңырақ астында жинап, олардың музыкалық қабілеттерін паш етуге және отбасылық құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік берді. Шараға Павлодар облысының қала мен аудандарынан 40-тан астам отбасы, барлығы 86 қатысушы бақ сынасты.
Аталмыш байқау отбасылардың мәдени және шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік жасап, ұрпақ сабақтастығы дәстүрлері сақталып, отбасылық құндылықтар дәріптелді, балалар мен ата-аналар сахына төрінде бірлесіп өнер көрсетті. Бұл фестиваль отбасылық шығармашылық пен рухани құндылықтарды дамытуға зор үлес қосты, - дейді Оқушылар сарайы көркемөнер бөлім меңгерушісі Жанар Калтаева.
-    «Біз бүгін Жанұзақ отбасынан бес адам болып келіп отырмыз. Өз өнерімізді көрсетіп, аспаптарда ойнаймыз. Бүгінгі мереке – өнердің, бірліктің және отбасылық құндылықтарды дәріптейтін мереке, - дейді Жанұзақ Балкенов.  
Байқау номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Музыкалық отбасы» — музыкалық аспаптарда ойнау бойынша ерекше өнер көрсеткендер;
3 орын – Төлеген отбасы
2 орын – Кабдуллин отбасы
1 орын – Борисовтар отбасы
«Әнші отбасы» — вокалдық орындаушылықта шеберлік танытқандар;
3 орын – Умирбаевтар отбасы
2 орын – Петренко отбасы
1 орын – Досымхановтар отбасы
«Шығармашыл отбасы» — вокал мен аспап сүйемелдеуін үйлестірген отбасылар.
3 орын – Нуркеновтар отбасы
2 орын – Жанұзақ отбасы
1 орын – Райымбековтар отбасы, Фаустовтар отбасы
Барлық қатысушыларға дипломдар табысталып, ерекше өнер көрсеткен отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды.
«Дәстүрлерді белсенді насихаттаушы» номинациясы бойынша Әлмағамбетовтар отбасы, «Аға буын» номинациясымен Бейсембаевтар отбасы, «Ең тату отбасы» номинациясымен Алиякбаров отбасы, «Ең жас қатысушысы» номинациясымен Медина Мустафина, «Ансамбльдің құрам ерекшелігі» номинациясымен Ошал отбасы марапатталады.

 

Түсініктемелер қосу