Оқушылар сарайында алғаш рет "Дәлме дәл" пародия байқауы өтті
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 07.11.2024 15:54
Во Дворце школьников впервые прошел конкурс пародий «Один в один»
|
Во Дворце школьников впервые прошел конкурс пародий «Один в один»
|
2024 жылдың 5 қарашасында Облыстық Оқушылар сарайында бұрын сонды болмаған «Дәлме дәл» пародиялар байқауы өтті.
Бұл шара көрермен оқушылар үшін таңғажайып мереке, ал қатысушылар үшін нағыз жұлдызды сәт болды.
Байқаудың ашылу салтанатында Оқушылар сарайының көркемөнер-қойылым бөлімінің меңгерушісі Асель Алибекова Рианнаның «Попурри» композициясымен бастап, дүйім жұртты таң қалдырды.
Қазылар алқасының құрамында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайынң басшысы Алма Ерубаева, мәдениет саласының үздігі Айсұлу Балтабаева, «Ассоль» вокалдық студиясының жетекшісі Асель Кульжанова, жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Ризат Рахимжанов және Марғұлан Университетінің баспасөз қызметінің басшысы Кәкім Бәкіжан болды.
Сахна төрінде әлемге әйгілі жұлдыздар бейнесінде өнер көрсеткен Оқушылар сарайының жас таланттары өз шеберліктерін ортаға салды.
Әртістер «Ең ұқсас бейне», «Дауыс ұқсастығы» және «Үздік театр қойылымы» номинациялары бойынша дайындалған еді.
Кештің ерекше сәттерінің бірі «Арман шоу» студиясы Queen тобының «Show Must Go On» композициясын орындап, көрермендерге Фредди Меркьюридің өнерін сезіндірді.
«Жаңа стар» студиясының әртісі Шулико Николь Моаннаның «Что меня ждет?» әнін орындап, жас көрермендерді қуантты.
«Свет звезды» студиясынан Айлана Жукина мен Климентий Рудницкий Lady Gaga мен Bradley Cooper «Shallow» дуэтімен барша көрермендерді тәнті етті.
«Жас Дәурен» студиясының тәрбиеленушісі Нурислам Абилов Садраддиннің «Айға қарап» хитін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
«Тұмар» студиясынан Антонова Милана Алла Пугачеваның бейнесін дәл келтіріп, «Женщина, которая поет» әнімен көрермендерді сүйсіндірді.
Кеш соңында қазылар алқасы шешімдерін жариялап, жеңімпаздарды марапаттады.
Жеңімпаздар атанған:
«Ең ұқсас бейне» номинациясының жеңімпазы – «Арман шоу» студясының тәрбиеленушісі Ибрагим Каирболат «Beggin».
«Дауыс ұқсастығы» номинациясының жеңімпазы – «Тұмар» студиясынан Антонова Милана Алла Пугачеваның «Женщина, которая поет» әні.
«Үздік театр қойылымы» номинациясының жеңімпазы – «Свет звезды» студиясынан Айлана Жукина мен Клим Рудницкий Lady Gaga мен Брэдли Купердің «Shallow» дуэті.
«Дәлме дәл» пародиялар байқауының жеңімпазы – «Тұмар» студиясының тәрбиеленушісі Ерсұлтан Кенесхан «Michael Jackon және Eminem».
-Бұл кеш қатысушылар үшін де, көрермендер үшін де жарқын эмоциялар мен естен кетпес әсерлер сыйлады. «Дәлме дәл» байқауы Оқушылар сарайының туған күніне орай ұйымдастырылып, келер жылы да жалғасын табады деп сенеміз,- деп атап өтті М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайының бейімдеп оқыту ісі жөніндегі басшының орынбасары Жақсыбек Ешимкулов.
Түсініктемелер қосу