Оқушылар сарайы – балалардың шығармашылық мекені
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Дворец школьников – центр детского творчества
|
Дворец школьников – центр детского творчества
|
Оқушылар сарайына аяқ басқан әрбір бала өз жанына жақын іспен айналыса алады. Бұл шығармашылық мекенде әрбір жеткіншек ғылыми жоба жазу, ғарыш әлемін зерттеу, робототехника саласында жұмыс жасау, ән шырқап би билеу, әдемі сурет салып, сәнді киім тігу, шаштараз өнерімен айналысып, IT-мектебінен сабақ алып, тіпті бизнеске алғаш қадам басуға зор мүмкіндіктері бар.
Бүгін 15 қыркүйек күні Оқушылар сарайында 2024-2025 оқу жылына арналған ашық есік күні өтті. Іс – шараға ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Шараның басты мақсаты – балалар мен ата-аналарды түрлі үйірмелер мен секциялардың жұмысы жайлы таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру.
Ашық есік күніне келген ата-аналар түрлі бағыттағы үйірмелердің жұмысына қатысып, шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Әр үйірме жетекшілері өздерінің бағдарламалары мен әдістемелері туралы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жайлы әңгімелеп, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту жолдарын түсіндірді.
Айта кетсек, қазіргі таңда Оқушылар сарайында 52 қосымша білім беру педагогтері жұмыс істейді, 56 студияда бар. Биылғы оқу жылына екі мыңнан астам бала үйірмелерге жазылған.
Жаңадан ашылған «Қолданбалы іс тігу үйірмесі» бар. Үйірмеде балалар тігін ісінің негіздерін, түрлі материалдармен жұмыс істеуді, пішу мен тігу әдістерін меңгереді. Сонымен қатар, өз қолдарымен киім-кешек, тұрмыстық заттар жасауды үйреніп, жеке жобаларын жүзеге асырады. Үйірме балалардың қол моторикасын дамытып, ұқыптылық пен шыдамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Шығармашылық ортада жұмыс істеу арқылы оқушылар өздерін жаңа қырларынан танып, шынайы шеберлікке жетеді.
Мемлекеттік тілде ағылшын тілі және IT үйірмелері ашылады деп жоспарланып отыр.
Түсініктемелер қосу