Оқушылар сарайында облыстық «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль-байқауы өтті
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 23.09.2024 12:36
Областной фестиваль-конкурс «Театрдың ғажайып әлемі» прошел во Дворце школьников
|
Областной фестиваль-конкурс «Театрдың ғажайып әлемі» прошел во Дворце школьников
|
2024 жылдың 18 қыркүйегінде М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық театр өнері фестиваль-байқауы аясында «Театрдың ғажайып әлемі» атты онлайн байқау өтті. Шараның мақсаты – балалар мен жастардың театрлық шығармашылығын қолдау және дамыту, сонымен қатар, рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру. Байқау жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, өзін-өзі көрсету мен әлемді эстетикалық қабылдаудың ерекше қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
«Театрдың ғажайып әлемі» жобасына жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 21 театр ұжымы қатысты. Қашықтықтан қатысқан конкурсанттардың жасы 8-ден 17 жасқа дейін болды. Байқау «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция» және «Қуыршақ спектаклі» номинациялары бойынша өтті.
Қатысушылардың жұмыстарын белгілі театр өнері қайраткерлері бағалады, олардың ішінде Жангелді Садыков – Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының режиссері, Иманбекова Ғалия Майдановна – М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы басшысының орынбасары және «Амплуа» шығармашылық студиясының жетекшісі Жақсыбек Ешімқұлов бар.
Конкурс жеңімпаздары:
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша 1-орын: «Маска» театр студиясы (Экибастуз қ., «Қайнар» ОДК), спектакль «Принц и Чудовище» (жетекшісі Ермакова Л.А.);
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша 1-орын: «COOL-ART» театры (Павлодар қ., №41 ОМ), С. Михалковтың «Зайка-Зазнайка» спектаклі (жетекшісі Билая М.Е.);
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша 2-орын: «Театрдың ғажайыптары» театры (Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернат), Төлен Әбдікұлының «Оң қол» драмасы (жетекшісі Шақырман А.Д.);
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша 3-орын: «Шабыт» театры (Тереңкөл ауданының Оқушылар үйі), «Холодное сердце» драмасы (жетекшісі Гельметдинова Р.Е.);
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша 3-орын: «АРЗАМАС» театры (Мичуринск ОМ), Н.В. Гогольдің «Ревизор» спектаклі (жетекшісі Михайловская Е.О.);
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясы бойынша 1-орын: «Табиғат қорғаушылары» шығармашылық ұжымы (Баянауыл ауданы, Шөкин атындағы №2 мектеп), «Табиғатты аяла!» әдеби қойылымы (жетекшісі Штибен Д.К.);
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясы бойынша 2-орын: «Арлекино» театр студиясы (М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы), С. Есениннің «Осень» көркем қойылымы (жетекшісі Калтаева Ж.К.);
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясы бойынша 2-орын: «ТТТ (театр тоғыстырған таланттар)» театры (Ақтоғай балалар өнер мектебі), «Тарих толқынында» композициясы (жетекшісі Хусаин Аңсаған);
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясы бойынша 3-орын: «Парасат» театры (Шарбақты ауданы, Абай Құнанбаев атындағы мектеп), «Менің атым Қожа» қойылымы (жетекшісі Серихан А.С.);
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясы бойынша 3-орын: Павлодар қаласы №5 мектеп театры, А.С. Пушкин ертегілеріне негізделген «У самого синего моря» әдеби-музыкалық композициясы (жетекшісі Тарасенко А.В.);
«Қуыршақ спектаклі» номинациясы бойынша 1-орын: «Театр әлемі» театры (№46 ЖОББМ), «Бауырсақ» ертегісі (жетекшісі Капсатова Г.М.);
«Қуыршақ спектаклі» номинациясының БАС жүлдесі: «Жас өнер» театры (Қалижан Бекқожин атындағы ЖОББМ), «Қоянның үйі» спектаклі (жетекшісі Жунусова Б.Ж.). «Жас өнер» театры «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық фестиваль-байқауында облысымыздың намысын қорғайды.
«Үздік әйел рөлі» – Бертебаева Наргиз (Павлодар қ., №41 ОМ);
«Үздік ер адам рөлі» – Абдыхамитұлы Санжар (Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернат);
«Үздік актерлік бейне» – Мұқұшева Арайлым (Шарбақты ауданы, Галкино мектебі);
«Көркем сөз» – Рубан Снежана (Павлодар қ., Естай атындағы ДК).
- Фестиваль барысында қатысушылар өздерінің жоғары актерлік шеберлігін, режиссерлік шешімдердің ерекшелігін және сахналық мәдениетін көрсетті. Олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қазылар алқасынан құнды кеңестер алды, бұл оларға болашақта дамуына көмектеседі, - дейді көркемөнер бөлімінің жетекшісі Жанар Калтаева.
Облыстық «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль-байқауы балалар мен жастардың таланттарын ашып, шеберліктерін шыңдайтын маңызды платформаға айналды. Іс-шара театр өнерінің дәстүрін жалғастырып, келер ұрпақты шабыттандырады және олардың өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан көрсетуіне ықпал етеді.
Түсініктемелер қосу