Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24689602
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18246 21605 18246 24448750 97715 375807 24689602 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:39:38
|
«OZ ELIM» ІІІ Халықаралық фестиваль-байқауының жеңімпаздары
18 маусым күні «Арман – шоу» үлгілі вокалдық студиясы Астана қаласындағы Өтемісова атындағы Оқушылар сарайында өткен «OZ ELIM» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының III Халықаралық фестиваль-байқауына қатысты. Байқау Қазақстан Республикасының ең жарқын, дарынды балалары мен шығармашылық ұжымдарын ашуға бағытталған. Қазылар алқасының құрамына мәдениет және өнер өкілдері, еңбек сіңірген қайраткерлер, белгілі композиторлар, танымал әншілер кірді. Олар қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, тіл тазалығына, сахна мәдениетіне, сыртқы келбетіне (киім үйлесіміне), байқау талаптарының сақталуына ерекше назар аударды.
|














